ЗАМАНАУИ КҮРЕС ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

       Райымбек ауданындағы қастерлі де қасиетті Қақпақ ауылының азаматтары өз тұсында спорт пен өнер жағынан ауданның туын жоғары ұстап, облыста, республикада мерейін аспандатып жүрді. Әкпар Жұмабеков, Шотай Батырханов секілді жаттықтырушы ұстаздарынан нәр алған Еділ, Ермек, Еркін Телақыновтар, Еркін Жұмабеков, Қайрат Батырханов, Мұрат Қыдырбаев секілді көптеген палуандардың күрес түрлерінен облыста, республикада, Азияда, халықаралық бәсекелерде қол жеткізген жетістіктері жетерлік. Ережесіз жекпе-жектен Әлемнің 3 дүркін чемпионы, ашық айқастың арландары, ағайынды Ардақ пен Бейбіт Назаровтар, Бекнар Аманбаев дәл осы Қақпақтың намысы биік, қайтпас қайсар азаматтары.

        Көптен күткен Наурыз мерекесінің тұсында Райымбек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің грек-рим күресі бойынша Қақпақ ауылындағы филиалында заманауи күрес залы салтанатты түрде ашылды. Балғын палуандардың қуанышына Райымбек ауданының әкімі Нұржан Құдайбергенов ортақтасып, жүрекжарды лебізін жеткізді. Қуанышты сәтте ардагер ұстаз Әбдірасыл Көпбосынов, ардагер спортшы Әбілқасым Тойшыбаев, ауылдың айтулы түлектері Еркін Телақынов, Ардақ Назаров тағы басқалар заманға лайық жасалған күрес залынан келешекте олимпиада чемпиондары шықсын деген жақсы тілек-ниеттерін білдірді. Жас палуандарға сый-сияпаттарын жасады. Бір сөзбен айтқанда, ауыл спортын дамыту, салауатты жас ұрпақ қалыптастыру үшін қолдау көрсетіп, осындай игілікті ұсынған ауылдың барша азаматтарына, түлектеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Қанат БІРЖАНСАЛ,

Қақпақ ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password