Қызмет сапасы сөз болды
Азаматтардың барлық сандарлы өтініш- тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыру- бәрімізге міндет» деп атап өтті мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.
Қоғам диалог, ашықтық, адамдардың мұң- мұқтажына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басылымдықтары болып табылады.
Облысымыздың мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, азаматтардың барлық сындарлы өтініштерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» яғни кәсіби мемлекеттік аппарат құру мақсатында, Департаменттің бастамасымен Алматы облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасымен бірлесе аудан, облыс аумағында мемлекеттік қызметшілер үшін арнайы оқыту семинарлар өткізілуде.
Аталған оқыту семинар мемлекеттік қызметкерлер арасында Райымбек аудандық Баққожа Мұқай атындағы мәдениет үйінде аппарат басшысы Г.Кенебаеваның жүргізуімен және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Жеңіс Андабеков, басқарманың бас маманы А. Қасымберкебаев, ҚСжАЕАЖ Кеген және Райымбек аудандары бойынша бас маман статисі Ерғанат Ерғалиұлының қатысуымен семинар- кеңес өткізілді.
Аталған іс- шарада мемлекеттік қызметтерді жоғары деңгейде көрсету, өтініштерді дер кезінде сапалы қарастыру сияқты көкейкесті мәселелер көтерілді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан өзекті мәселелер көтеріліп, олардың тиісті шешімдері айтылды. Департамент жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп отыратындықтарын тілге тиек етті.
ҚСжАЕАЖ Кеген және Райымбек аудандары бойынша бас маман статисі Ерғанат Ерғалиұлы да сапалы қызмет көрсету бағытында ашық әңгіме жүргізіп, келіп түскен өтініштерге дер кезінде жауап қайтару керектігіне көңіл бөлді.
Өз тілшіміз.
0 Пікір