11.4 C
Нарынкол
Среда, 24 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

ҚЫСҚЫ ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ – 2023

    Жуырда білім қызметкерлерінің кәсіподағы «Қамқор-2″ филиалы мен аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен » Қысқы Денсаулық фестивалі» -2023 атты аудандық білім мекемелерінің қызметкерлері арасында шаңғымен жүгіру жарысы болып өтті. Аталған жарыс білім қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен денсаулығын нығайту, таза ауада көңілді демалуға жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған. Жарысқа аудандағы жалпы білім беретін мектептер мен мектептен тыс, мектепке дейінгі білім және тәрбие беру мекемелерінің педагог қызметкерлері қатысты.

        Жарыс қорытындысы бойынша 35 жасқа дейінгі әйелдер арасында 1-орынды «Күншуақ» балалар бақшасының тәрбиешісі Э. Тлеубаева, 2-орынды М. Мақатаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Тельман Айнара, 3-орынды Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Рүстембаева Айнұр жеңіп алды. Ерлер арасында 1-орынды Ақбейіт бастауыш мектебінің мұғалімі М. Мәлікей, 2-орынды А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектептің мұғалімі М. Раванов, 3-орынды Сарыжаз кәсіптік техникалық колледжінің мұғалімі Н. Асанбековке бұйырды. 35-45 жас әйелдер арасында 1-орынды А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектептің мұғалімі А. Бекмұханбетова, 2-орынды Шәлкөде орта мектебінің мұғалімі Г. Болат, 3-орынға Қайнар орта мектебінен Қ. Молдабаева ие болды. 35- 45 жас ерлер арасында 1,2-орынды А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектептен Е. Марат пен Ж. Азанбаев, 3-орынды Жәмеңке орта мектебінен М. Құлмұханбетов алды. 45 жастан жоғарғы әйелдер арасында 1-орын М. Мақатаев атындағы орта мектептен Э. Тұрсынбай, 2-орын С. Сауранбаев атындағы орта мектептен Г. Турлыкаева, 3-орыннан А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектептен М. Әлімсейтова көрінді. Осы жас ерекшелігінде ерлер арасында 1-орынды А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектептің мұғалімі М.Әбу, 2-орынды Шәлкөде орта мектебінің мұғалімі Қ. Үшқұлақов, 3-орынды А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектептің мұғалімі Д. Спатаев еншіледі. 55 жастан жоғары әйелдер арасында 1-орынды Шәлкөде орта мектебінің мұғалімі С. Байкүшікова, 2-орынды А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі Б. Қырықбаева, 3-орынды М. Мақатаев атындағы орта мектептің мұғалімі М. Қалыбаева иеленді. Ерлер арасында 1-орынды Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Б. Зікіряев, 2-орынды Т. Жанұзақов атындағы орта мектептің мұғалімі Е. Сатаев, 3-орынды Р. Желеуов алды. Шанамен 100 метрге бірінбірі сүйреу жарысында 1-орынды Шәлкөде орта мектебі, 2-орынды «Күншуақ» балалар бақшасы, 3-орынды А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектептің командасы жеңіп алды. Аталған жарысқа аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы арнайы қатысып аудан ұстаздарын құттықтап, жүлделі орын алған ұстаздарға грамота мен бағалы сыйлықтар тарту етті. 1,2,3 орын алған жеңімпаздар мен арнайы жүлдеге ие болған спортшылар білім қызметкерлерінің кәсіподағы «Қамқор-2» филиалының мадақтама қағазы мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

«ХАНТӘҢІРІ».

Соңғы жаңалықтар

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен», проходившем в рамках республиканской экологической акции...

Осыған ұқсас мақалалар