Ырыстың ыдысы, құт-берекенің қазаны

         «Наурыз – күллі түркі жұрты тойлайтын ғажап мерекенің бірі. Жағалай ауыл-ауыл болып қоныстанған қазақ жұрты ежелде наурыз келісімен жеті түрлі дәм қосылған наурыз көже әзірлеген. Онда да бүгінгідей наурыз айының 22-ші жұлдызын күтпей бірінші жұлдызынан тарата бастайтын. Қара да, хан да, құл мен ұлы, күң мен қызы, күн мен түні теңескен бұл кезең елдің ынтымақ ырысы, береке бірлігі тасыған уақыт. Көтерем болған мал аузы көкке тиісімен көтеріліп кеткен, сары жамбас ауру меңдеген адам болса көже ұрттап ол да оңалып кеткен. Сондай-ақ, соғым сойған әр үй оның кәрі жілігін арнайы Наурыз мерекесіне сақтап отыратын. Ондай көже ауыздың суын құрғатып, қайта-қайта айналып келіп ішуге иектеп отыратын. Наурыз айын ауыл халқы әдемі киімдерін киіп, әуезді ән айтып, қонақ шақырып, қонаққа барып мерекелеп өткізуге тырысқан. Бұрынғы қазақ халқының жыл санауында Наурыз айы жаңа жыл есебінде болғандықтан да дүниеге келген сәбидің аузы көжеге тиісімен бір жасқа келді деп есептеген.

        Құрметті аудан тұрғындары! Бабалар ізін жалғаған бүгінгі буын Сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Елімізге тыныштық, жерімізге ырыс пен құт тұрақтай берсін. Ынтымақ берекеміз берік болғай!. Амангелді Мұхаметжанұлы, «Әбікен» шаруа қожалығының төрағасы,

Сарыбастау ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password