Қылмыстың өтеуі — жаза

   Райымбек ауданының полиция бөлімі және ҚР ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаменті Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 5 ші қарашасында Райымбек ауданы Қақпақ ауылдық округінің демалыс аймақтарының бірінің аумағында орналасқан қойма үй-жайынан үш  жабайы аңның еті табылды. Алдын ала болжам бойынша ол Қызыл кітапқа енген арқардың еті.

    Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Факт ҚР ҚК 339-бабы бойынша Райымбек ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдік бойынша Алматы қаласының тұрғындары анықталды. Объективті толық және жан-жақты шешім қабылдау үшін қажетті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта аталған жануарлардың қай жерде және қай уақытта атылғаны анықталуда. Айта кету керек арқарлар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password