Құқықтық сауат
Сіздің құқығыңыз бен мүдделеріңіз бұзылса, онда Сіз сотқа талап қоюшы ретінде шағымдана аласыз. Ол үшін Сіз талап арыз ретінде жазбаша түрде арыз келтіресіз. Талап арыз сотқа түскенен кейін арыздың нысаны мен мазмұнына қолданылатын заң талаптары орындалуы міндетті. Болмаған жағдайда, талап арыз қозғалыссыз немесе кемшіліктерді жою үшін кері қайтарылады. Сондықтан, талап арыз заң талабына сай келуі керек.
Егер Сіз заңды білмесеңіз, немесе басқа себептермен өзіңіз арыз жаза алмасаңыз, онда талап арызды Сіз үшін біреу, яғни адвокат жазып бере алады немесе Сіз үшін өкіліңіз жасай алады, өзіңіздің берген сенімхат арқылы. Аталған арыз қолдан анық етіп жазбаша немесе компьютердің көмегімен басылуы мүмкін. Сот талқылауына дейін жауап беруші мен үшінші тұлға істің мәнін түсіну үшін оларға, яғни сонша талап арыз көшірмесі болу міндетті.
Талап қоюшының құқығына келсек, ол іс материалдарымен танысу, олардан үзінді немесе көшірмесін алу, қарсылық білдіру, дәлелдер ұсыну мен оларды зерттеуге қатысу, іске қатысушы тараптарға сұрақ қою, қосымша дәлелдер талап ету үшін қолдаухат сұрау, іс бойынша ауызша және жазбаша түсініктеме беру, сот талқылауы барысында дәлелдер келтіру және сот жарыссөзіне қатысу болып келеді.
Ал талап қоюшының міндеттері, ол процессуалдық құқығыңызды адал пайдалану, сот талқылауында тәртіпті сақтау, сот өкіміне бағыну және сотқа құрметпен қарау болып табылады.
Ал енді жауап берушіге келсек, Сіздің үйіңізге белгілі бір адам келіп сотқа шақыру қағазын ұсынса, арызданушы өзінің құқығы немесе заң мүддесі бұзылды деп санаса онда абыржымаңыз, Сіздің жауапкер ретінде өзіңіздің құқығыңызды қорғауға толық мүмкіндігіңіз бар. Демек, Сіз талап қоюшының сотқа түсірген арызының көшірмесін алуға құқығыңыз бар. Онда талап қоюшының Сізге қандай талап қоятыны, неге үміттенетіні туралы мәлімет болу керек. Әрі қарай өзіңіздің кінәңіздің жоқ екендігін негіздеп жазбаша түрде қарсылық бере аласыз, сөйтіп Сіз жауап беруші ретінде қарсы талап-арыз келтіруге толық құқығыңыз бар екенін біліңіз.
Қарсы талап-арыз дегеніміз, ол жауап берушінің өз еркінше өзінің құқығы мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау жөніндегі сот талқылауы басталып шешім шыққанға дейін сотқа берген арызы болып табылады. Қарсы талап-арыз талап берушінің арызының шеңберінде, өзара байланысы бар болу керек. Егер Сіз талап қоюшының арызына келіссеңіз, онда арызды мойындау, бітімгершілік келісім жасау құқығыңыз бар. Жауап берушінің міндеттері жоғарыдағы көрсетілген талап берушінің міндеттерімен бірдей болып келеді.
Содан кейін, түскен азаматтық іс бойынша істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін, тараптардың құқықтық қатынастарын анықтау үшін, әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау үшін іске қатысатын адамдар құрамы мен процестің қатысушылар туралы мәселені шешу үшін, сот талқылауына дайындау мақсатында әрекеттер жүргізеді. Атап айтқанда, іс бойынша жауапкерге талап арыз көшірмесін тапсыруға және талап арызға пікір(қарсылық) білдіруді және өз пікірін (қарсылығын) негіздеуге дәлелдемелер беруге міндеттеу. Тараптарға құқықтарын, міндеттерін түсіндіреді. Іске тіркелген құжаттарды түпнұсқасымен салыстырып растау және т.б. Содан кейін, сотқа берілген талап арыз бойынша азаматтық істі сот талқылауына толық дайын болғаннан кейін, сот отырысы тағайындалады. Тараптарға және процестің басқа да қатысушыларына істі қараудың орны мен уақыты туралы хабарланады. Азаматтық істер екі айға дейінгі уақытта қаралып бітуі керек.
Б.ӘУЕЛБЕКОВ,
аудандық соттың
кеңсе меңгерушісі м.а.
0 Пікір