VII ШАҚЫРЫЛҒАН РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНДА

       Өткен аптаның соңын ала, яғни 15 қаңтарда Райымбек аудандық мәслихатының VII шақырылымындағы бірінші сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатына сайланған 12 депутат, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғалым Жусанбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімінің аппарат басшысы, аудандық сайлау комиссиясының құрамы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатынасты.

     Сессия жұмысын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ғабит Сәретбаев ашып, жүргізіп отырды. Сессия жұмысы салтанатты шараға қатысушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимніне құрмет көрсетуімен басталды.

       Сессияның күн тәртібіне:

      1.VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының бірінш сессиясының төрағасын сайлау туралы;

  1. VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы;
  2. VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және құрамын сайлау туралы;
  3. «Nur Otan» партиясы атынан сайланған аудандық мәслихат депутаттарының депутаттық фракциясын тіркеу туралы;
  4. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы мәселелер ұсынылды.

       Сессияда аудандық сайлау комиссиясының төрағасы  Ғ.Сәретбаев 2021 жылғы қаңтар айының 10-жұлдызында өткен аудандық мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысы туралы хабарлама жасады.

       Райымбек аудандық сайлау комиссиясы өз қызметін 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған, партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы науқанын әзірлеу мен өткізуде ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 21 қазандағы № 29/332 және № 29/335 Қаулыларын басшылыққа ала отырып, аудандық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы №11 Қаулысымен бекітілген 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Райымбек аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары негізінде жүзеге асырды. Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы №25 шешіміне сәйкес, 24 сайлау учаскесі құрылды. Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы Ұсынысына сәйкес, сайлаушылар саны 1000 адамға дейінгі 5 мүшесі бар – 12 учаскелік, 1001-ден 2000-ға дейінгі 7 мүшесі бар 8 учаскелік, 2001-ден 2500-ге дейінгі 9 мүшесі бар -4 учаскелік сайлау комиссиялары құрылған. Райымбек аудандық сайлау комиссиясының құрамы 7 адамнан және 24 учаскелік сайлау комиссиялары 152 адамнан – барлығы 159 комиссия мүшесі сайланды. Комиссия мүшелері толықтай тестілеуден өткізіліп, сертификатталды. 24 сайлау учаскесі телефон нүктелерімен және елдімекендер бойынша 22 сайлау учаскесі интернет желісімен қамтамасыз етілді. Учаскелік сайлау комиссиялары дауыс беруге арналған 78 кабина, мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға арналған 22 кабинамен жабдықталды. Учаскелік сайлау комиссиялары карантиндік жүйе талаптарына сай қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.

       Жалпы аудан бойынша аудандық мәслихаттың 12 мандатына 4 саяси партиядан 32 кандидат (1 мандатқа 2,66 адамнан) тіркелді. Оның 29 жасқа толмаған жастар мен әйелдер саны 15 (46,9 пайыз).

       «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 14-бабы 8-тармақшасына, 31-бабының негізінде Райымбек аудандық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 25 қарашада «Nur Otan» партиясының 66 сенім білдірген адамдарын тіркеп, куәліктерін тапсырды. 2020 жылғы 8 желтоқсанда «Ауыл» ХДПП 4, «ADAL» СП 3, Қазақстан ХП 2 сенім білдірген адамдары тіркелді.

        2021 жылы 10 қаңтарда өткен сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша сайлаушылар дауысы төмендегі көрсеткішті құрады: Қазақстан Халықтық партиясына – 1596 дауыс, 7,92 пайыз, «Nur Otan» партиясына -16807дауыс, 83,36 пайыз, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына -1613 дауыс, 8,00 пайыз, «ADAL» саяси партиясына — 147 дауыс, 0,73 пайыз.

        Райымбек аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 12 қаңтардағы шешімімен дауыс беруге қатысқандар санынан сайлаушылар даусының 7 және одан көп пайызын алған саяси партияларға депутаттық мандаттарды бөлді. Атап айтқанда: «Nur Otan» -10; «Ауыл» ХДПП-1; ҚХП-1 мандатқа ие болды.

       Райымбек аудандық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 14 қаңтардағы саяси партиялардың ұсынысы негізінде сайланған Райымбек аудандық мәслихаттарын тіркеді, өкілеттіліктері танылды.

  1. «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша:

        Абай Сырымбет Ардақұлы – 1997 жылы туған, маман, аудандық ХҚКО

        Әріпова Гүлнара Рауанқызы – 1965 жылы туған, төрағасының бірінші орынбасары, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы, Жұмақанов Ербол Еркінбекұлы – 1974 жылы туған, орман қорғау инженері, «Нарынқол орман шаруашылығы» КММ, Көшмұратова Күмісгүл Қаржаубайқызы – 1968 жылы туған, төрағасы, «Өркен» ш/қ, Қойлыбаев Бек Бекзадаұлы – 1961 жылы туған, төрағасы,«Дархан» ш/қ, Құдабаев Ерлан Әкімбайұлы – 1956 жылы туған, «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» ММ.

        Мүсірбаев Самат Сартаубайұлы – 1981 жылы туған, директор, Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі, Раева Бақыткүл Абдықадырқызы – 1965 жылы туған, директор,«Қарасаз ауылы өнер мектебі» МКҚК,

        Себдайр Марат Манапұлы – 1965 жылы туған, директор, Сервистік дайындау орталығы «Мирас» ЖШС ,

        Шымырбаев Нартай Мұратұлы – 1989 жылы туған, жетекшісі, Райымбек ауданы жастар ресурстық орталығы.

  1. «Ауыл» ХДПП партиялық тізімі бойынша:

        Сәлім Руслан Еренсізұлы – 1981 жылы туған, Райымбек ауданы бойынша Қазақстан фермерлер одағының төрағасы.

  1. Қазақстан ХП партиялық тізімі бойынша:

        Бурабаева Құралай Жамалбекқызы – 1988 жылы туған, дәрігер-эпидемиолог «Райымбек аудандық ауруханасы» ШЖҚКММ.

         VII шақырылымындағы аудандық мәслихаттың алғашқы ұйымдастыру сессиясында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 46-бабы 3-тармағына сәйкес жаңа сайланған аудандық мәслихат депуттарына аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғалым Жусанбаев пен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ғабит Сәретбаев депуттаттық куәліктерін тапсырып, төсбелгілерін тақты.

       Сессияның күн тәртібіндегі аудандық мәслихаттың 1- сессиясының төрағасын сайлау жөніндегі 1-мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаттарының депутаттық фракциясының ұсынысымен «Nur Otan» партиясынан сайланған депутат Мүсірбаев Самат Сартаубайұлы 1-сессияның төрағасы болып сайланды.

       Сессияның күн тәртібіне ұсынылған 2-мәселе бойынша «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 19-бабы 1, 2-тармақтары негізінде аудандық мәслихаттың хатшысы болып, депутаттардың ашық дауыс беруімен Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы болып Ерлан Әкімбайұлы Құдабаев сайланды.

       Сессияның күн тәртібіндегі «Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және құрамын сайлау туралы» 3-мәселе бойынша аудандық мәслихаттың сан құрамы жағынан 3 тұрақты комиссия құрылды. Олар:

       1.«Жергілікті өзін-өзі басқару,экономикалық және әлеуметтік даму, бюджет, халыққа сауда және тұрмыстық қызмет көрсету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризм жөніндегі»,

       2.«Инновациялық даму, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуникация, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауылшаруашылығы және жер қатынастарын реттеу, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдаларну жөніндегі»,

       3.«Әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі» болып депутаттар дауыстарымен белгіленді.

       Сессияның күн тәртібіндегі «Nur Otan» партиясы атынан сайланған аудандық мәслихат депутаттарының депутаттық фракциясын тіркеу» туралы» 4-мәселе бойынша депутат Әріпова Гүлнара Рауанқызы хабарлама жасады. Хабарламашы «Nur Otan» партиясы атынан сайланған аудандық мәслихат депутаттарының депутаттық фракциясы тіркелуіне байланысты депутаттардың дауыс беруін сұрады. Көпшілік дауыспен аудандық мәслихат депутаттарының фракциясын тіркеу жөнінде шешім қабылданды.

        Сессияның күн тәртібіндегі «Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы» 5-мәселе бойынша кезекті сессияның төрағалығына депутат Раева Бақыткүл Абдықадырқызын сайлау туралы ұсыныс берілді. Ұсыныс бірауыздан қабылданды. Райымбек аудандық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып, депутат Раева Бақыткүл Абдықадырқызы сайланды.

       VII шақырылған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясының күн тәртібіне енгізілген мәселелер толығымен қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

Ж. ТӘЛІПҰЛЫ,

«Хантәңірі».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password