ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫНДА

      Жуырда аудан әкімдігінде Райымбек ауданы прокурорының міндетін атқарушы А. Әбішевтің төрағалық етуімен ведомствоаралық кеңестің жиналысы болып өтті. Бас қосуға аудан әкімінің орынбасары Н. Сағатбекұлы, Алматы облысы бойынша ҰҚКД-нің Райымбек аудандық бөлімінің бастығы Е. Қажымұқан, АПБ-нің бастығы М. Нұрдәулетов қатысты. Отырысқа Аудандық ПБ-нің қызметкерлері, аудан әкімдігінің аппарат басшысы, заңгер-инспектор, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ветеринариялық дәрігерлер, БАҚ өкілдері шақырылды.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды:

1.Аудан аумағындағы қылмыстың (мал ұрлығы, алкогольдік масаю күйінде жасалған, әйелдерге қарсы жасалған), оның ішінде кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстың жағдайы.

2.Пробация қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың пробация туралы заңнамалардың қолданылуы туралы.

3.Маскүнемдікті анықтау, емдеу және алдын алуға байланысты уәкілетті органдар мен денсаулық сақтау ұйымдарының алдын алу шаралары мен жұмысының тиімділігі туралы. Осы мәселелер бойынша баяндамашылардың баяндамалары тыңдалды.

Ұзақ батыр ауылдық округінің әкімі Ш. Әлдибеков Ойқарағай көмір өндіру кенінен қатынайтын жүк көліктерінің жол бойына қоқыстар, қаңғыбас иттер тастап кететінін, сонымен қатар машинаға басқан көмірдің жол үстіне шашылып қалатынын айтты. Осыған орай жүк тасымалдау қағидаларын қатаң түрде сақтауын қамтамасыз етіп, полиция қызметімен алдын алу шараларын жүргізуді ұсынды. Көдек Байшығанұлы атындағы орта мектептің директоры Сақанұлы Миятжан Сүмбеден Нарынқолға келе жатқандағы Қостөбеден өткен жердегі Текес өзені тас жолдың бойын орып кетуі және сол жердегі тік бұрылыс (крутой поворот) жолаушыларға өте қауіпті екенін баса айтты.

Жиналыстың қорытындысы бойынша 2021 жылдың 9- айындағы аудан аумағындағы қылмыстың және оның алдын алу бойынша, жергілікті атқарушы органдарының кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының қызметіне, оның тиімділігі мен қабылданған шаралары, аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының қызметіне кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен олардың құқықтарының сақталу жағдайы, пробация қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың пробация туралы заңнамалардың қолданылуы туралы бойынша ақпаратты талқылап аудандық әкімдік пен аудандық АПБ-не атқарылатын жұмыстар тапсырылды.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ,

«Хантәңірі».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password