«ӘУЕ КЕҢІСТІГІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ СЕНІМДІ ҚОЛДА!»

      18 тамыз күні ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылғанына — 19 жыл толды. Осыған орай 97617 «В» әскери бөлімі өткен аптада жоғары басшылықтың бұйрығына сәйкес 97617 «В» әскери бөлімі жеке құрамының бөлім командирі майор Медетбеков Ербол Шорабекұлының басқаруымен атыс алаңына аттанып, ай сайынғы практикалық атыс жаттығуларынан қорытынды сабақ ұйымдастырды. Жаттығу жоғары дәрежеде өткізілді. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты 97617 «В» әскери бөлімі жеке құрамының жауынгерлік дайындығы бойынша шеберлігін, кез келген уақытта ұрысқа дайындығын арттыру және төзімділігін тексеру болып табылады. Отанымыздың әр түкпірінде әскери борышымызды өтей келе, әсіресе офицерлер құрамына тиесілі өз кәсібінің мамандарына, шеберлеріне куәгер болып келгендіктен, халық өз батырларын тануы қажет. Қызметіміз тек атыс жаттығулармен ғана шектелмейді, өткен мақалаларда айтып кеткендей біздің бөлімге ауылды және алдын-ала белгіленген әуе кеңістігін әуе соққысынан қорғау, әуе қарсыласына қарсы күрес жүргізу, орналасу пункттері мен жылжыту бағытындағы басқа да нысандарды авиация және ұшқышсыз ұшу аппараттарының соққыларынан қорғау міндеттері жүктелген. Жалпы бөлімшеміздің әр әскери қызметшісі берілген тапсырмаларын бұлжытпай орындайды және өзінің міндеттерін нақты біледі. Қарулы күш ел тыныштығының кепілі. Сол себепті қорғаныс саласы қашанда көзден таса болмауы керек. Әуе кеңістігінің шекаралары сенімді қолда!

Рота командирінің ТжИЖ жөніндегі орынбасары,

аға лейтенант Д. ТАСБОЛАТ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password