ТЫНЫШТЫҚ ПЕН ТАТУЛЫҚ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

    Еліміздің өз Егемендігі мен Тәуелсіздігін әлемге жария еткеніне  30 жыл толып отыр. Ғасырларға жалғасқан жеке тәуелсіз ел болу арманы орындалып, Қазақтың көк  туы көкте желбірегеніне отыз жыл. Бұл жылдар Қазақ елінің тарихында алтын әріппен жазылары хақ.

 Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ел басына түскен қиыншылықтар – экономиканың  тоқырауы, жұмыссыздық, халық шаруашылығы жүйесіндегі ырғақтың үзілуі т.б. халқымызды топтастырып, біріктіргені шындық. Ел басқарған азаматтардың қажырлы еңбегі мен ертеңге деген халық сенімінің  беріктігі арқасында әр ұлттан жиналған тобыр, тарап кетуі тиіс деген сәуегей көріпкелдердің сөзін жоққа шығарып, еліміз әлем мемлекеттері есептесетін, ақылдасатын, достасуға, экономикалық әріптестікке  ұмтылатын елге айналдық.

    Бұл жетістіктер еліміздің геосаяси орналасуы, табиғи  байлықтары, бейбітшілік сүйгіш саясаты десек те ең  маңызды орынды көп ұлтты халқымыздың өзара татулығы ел ішінің тыныштығы екені даусыз.

       Тарихтың аумалы-төкпелі кезеңдерінде саяси жүйенің үстемдігінің  құрбаны болған көптеген ұлттар мен ұлыстар Қазақстанға қоныс аударды. XIX ғасырдың аяғынан басталған бұл үрдіс XX  ғасырдың 50 жылдарына дейін жалғасып елімізде қазір 130 дай ұлт пен ұлыс бір мақсат, бір мүддемен өмір сүріп, еңбек етуде.

       Осы көп ұлтты еліміздегі халық байлығы тыныштық пен татулық, бірлік пен ынтымақ  нәтижесінде  өзімізге бұйырып отыр.

    30 жылда жеткен жетістіктеріміздің куәгері, қатысушысы болу бақыты бұйырған өткен ғасырдың 35-80 жылдардың тумалары біз бақыттымыз.

        1997 жылғы оңтайландыру кезеңінде біріктірілген кезеңде Нарынқол өңірінен 50 %  халық көшіп ауылдарда тек зейнет жасындағы қариялар қалған еді. 2018 жылы Елбасы жарлығымен (30.03.2018   №563) аудан бөлініп жеке шаңырағын көтерді. Осы аз ғана  мерзімде Нарынқол ауылы  адам танымастай өзгерді.

       Жас мамандар мен баспана кезегінде тұрғандарға арналып 117 үй пайдалануға берілді. Ауылдағы барлық көше асфальтталды. 80%  жарықтану жүргізілуде.  Орталық көшелерде жаяу жүргіншілер жолы жасалуда. Қызмет алушылар мен қызмет көрсетуші мамандарға ыңғайланған жаңа ғимараттар- Прокуратура, ХҚК орталығы, сервистік орталық,Ұ.Қ.К., кірістер басқармасының, аудандық әкімдіктің,  аудандық полиция бөлімінің  ғимараттары  ауыл көркін  аша түсуде. «Қуанса бала қуансын» деген қағидаға сай  үш балалар  ойын алаңы бүлдіршіндер күлкісімен қуанышымызды еселеуде. Жағатал өзені үстіне салынған 2 көпір, жағалаудың абаттануы тұрғындар  қатынасын жеңілдетіп отыр. Күре жолдың бойы 2 шақырым жарықтанып, ауыл қақпасының жарығымен астасып ауыл көркіне көрік қосуда.

       Бұқаралық спортты дамыту  мақсатында аумағы 4260 м`2   болатын  бір мезетте 180-200 адам  спортпен  айналыса алатын спорттық сауықтыру кешенінің пайдалануға берілуі еліміздің болашаққа деген сенімін бекіткені сөзсіз.

     Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа қойылған ескерткіш, абаттанған алаң ауылымыздың мақтанарлық, көз қуантар демалыс орны болары анық.

       Қуанышты атқарылған  жұмыстарға  барлық  ауылдағы  жүргізіліп жатқан жарықтану, көшелердің  асфальтталуы, ауыз судың жасалуы, балалар ойын алаңдары, кіші спорттық алаңқайлар, жарықтанған ауыл қақпалары ел байлығы өзіне қызмет етіп  отырғанын  көрсетері анық.

М.Мақатаев: Өрге тарт, менің өр елім!

                        Өзгертіп мынау ғасырды

                        Тыныштық үшін күзетте

                        Тынымсыз жанның бірісің.

Тыныштығымыз бен татулығымыз мызғымасын! 30 жылдық мерейтойымыз құтты болсын!

Қанат АХМЕТОВ,

Нарынқол ауылдық

ақсақалдар алқасының төрағасы,

   ҚР Білім беру ісінің үздігі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password