«Туған елге мың алғыс!»

     Ұлтпен ұлыстың басы қосылған киелі шаңырақтың керегесі кеңге жайылып, уықтары қадалып, түндігі түрілген кез ол — Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылған күні. Егмен ел үшін бұл күн аса қастерлі. Тәуелсіз мемлекеттің мерейін асқақтатқан мезетпен тұспа-тұс «Алғыс айту» күніде қатар келуде.
2016 жылдың 16 қаңтары, тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 наурыз – «Алғыс айту» күні деп жарлыққа қол қойды. Міне, шешім қабылданған сәттен бастап аттай 5 жыл. Содан бері аталған мереке өз деңгейінде аталып өтуде.
«Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігінің, достығы мен сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі болуы мүмкін», — деп Елбасы кезінде өз пайымымен бөліскен еді. Көрегенді көшбасшының көкейіндегі ойы шындыққа айналды.
Әртүрлі этнос өкілдерінің басы қосылған Қазақстан үшін ерекше мерекені абыроймен атқару , әр өлкеге міндет екені даусыз. Осы орайда, Алматы облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алғыс айту күнін мерекелеу аясында «Туған елге-мың алғыс!», атты жалпы ұлттық эстафета басталғанын атап өткен абзал.
«Эстафетаның қатысушылары әлеуметтік желілерде өздерінің алғыстарын жариялап бөліседі. Эстафета 2021 жылдың 5 наурызына дейін жалғасады. Сондықтан барлық тілек білдірушілерді «Туған елге мың алғыс!» атты челленджге қатысуға шақырамыз»,-деді «Қоғамдық Келісім» КММ директорының орынбасары Жандос Бауыржанұлы.
Сонымен қатар, 1 наурызда Қаратал ауданындағы Бастөбе тауының етегіндегі «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің жанында жыл сайынғы салтанатты митинг өтеді. Сол күні Талдықорған қаласының оқушылар сарайында» Үлкен Ел — Үлкен отбасы «жобасы аясында Алғыс айту күніне арналған» Біз алғысқа бөленген елде тұрамыз!»атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық форум өтетінін болады.
Сондай-ақ, Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен бірлесіп «қайырымдылық керуені: 30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталады. Осы марафон аясында 2021 жылы еліміздің барлық өңірлерінде, соның ішінде Алматы облысында ҚХА қайырымдылық акциялары өтеді. Қорыта айтқанда, бұл күн – қайырымдылық дәстүрлерін, ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау және тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болмақ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password