Құтты болсын!

     БОТБАЕВА Назгүл Айтақынқызы 1973 жылы Нарынқол ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Тельман Жанұзақов атындағы орта мектепті озаттар қатарында бітіріп, мектеп мақтанышы болды. Сол жылы мектеп қабырғасынан алған білімінің арқасында С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті атанған. 1996 жылы аталған оқу орнын жақсы нәтижемен тәмәмдап, көп күткен дипломына қол жеткізді. 1997 жылы туған жері Нарынқол ауылына келіп Нарынқол ауылдық ауруханасында дәрігер акушер-гинеколог болып жұмысқа орналасты. Сол жылдан бері аталған қызметіне адал болып, жемісті еңбек етіп келеді. Жұмыс барысында бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болды. Осы күнге дейін перзентханада ана мен бала денсаулығы жолында еткен еңбегі ерен. Қазіргі таңда жоғарғы санатты дәрігер, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекелік медалінің иегері, медицина саласының үздігі. Белоруссия, Санкт-Петербург елдерінде білім көтеріп, сол елдің дәрігерлерімен тәжірибе алмасып келген Н. Айтақынқызын мамандығының майталманы десек, артық емес. Жуырда Н.Ботбаева Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Шапағат» медалімен марапатталды. Бұл да жемісті еңбектің жеңісі. Бүгінгі күні төрт баланың анасы, отбасының отанасы болып отырған Н. Айтақынқызының отбасына амандық, еңбегіне табыс, деніне саулық тілейміз!

Д. ЖАНАСЫЛ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password