5.9 C
Нарынкол
Вторник, 16 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

       2016 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылған күні яғни, 1 наурызды «Алғыс айту» күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Осы күннен бастап, айтулы мереке елімізде әр жылы дәстүрлі түрде тойланып келеді. Алғыс айту күні – бұл Мәңгілік ел болуға бет алған ортақ тағдырлар тоғыстырған еліміздің ынтымағын берік, берік бірлігін бекем етуге бағытталған маңызды қадам.

        Жайма-шуақ көктемнің алғашқы күнімен қатар келетін айтулы мейрам 1 наурыз – Алғыс айту күні аудандық Баққожа Мұқай атындағы мәдениет үйінде өткізілді. Аталған мәдени шараның шымылдығын аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы ашып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, Тәуелсіз еліміздің даму жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан ауданымыздағы бірқатар қызметкерлер мен маман иелеріне мерекелік марапаттарды салтанатты түрде табыс етті.

        Өз кезегінде Сүмбе ауылының тұрғыны, Абай атындағы орта мектептің ұстазы Ұйғыр ұлтының өкілі Измахунова Мария сөз алып, бауырлас қазақ халқына деген шексіз ризашылығын білдірді. Мерекеге орай аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балжан Омарова сөз тізгінін алып, аудан тұрғында- рын құттықтады.

       Мереке аудан көкемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

«ХАНТӘҢІРІ».

Соңғы жаңалықтар

КӨПТЕН КҮТКЕН ЗАҢ КҮШІНЕ ЕНДІ

 Соңғы кездері қоғамда әйелдер мен балаларға жасалатын қылмыс саны артып, неше түрлі құқық бұзушылықтар орын алуда. Осыған орай, президент...

Осыған ұқсас мақалалар