ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

     Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы Жарлығына сәйкес, тамыз айының екінші жексенбісі құрылысшылар күні болып бекітілді. Қаулы қабылданып, қол қойған соң айтулы мереке жыл өткен сайын аталып келеді. Биыл да бұл дәстүр жалғасын тапты. Кез келген елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құрылыстың дамуымен байланысты. Біздің ауданның да өсіп-өркендеуіне, бүгінгідей әсем ғимараттарды салуға ерекше үлес қосқан құрыш қолды құрылысшылардың еңбегі ерен. Аталған мамандық иелерінің істеген істерінің арқасында ауданның ажары айшықталып келеді. Қалай десек те, ел көзайымына айналған ғимараттар мен сәулетті кешендердің салынуына құрылысшылардың сіңірген еңбегі зор. Олар білікті, іскер және қабілетті маман ретінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда. Сондықтан құрылысшылар қашанда құрметке лайық.
     Осы күнге орай, аудандық Баққожа Мұқай атындағы мәдениет үйінде мерекелік шара өтті. Бұл күні ауданның көркіне көрік қосып, ел ырысын тасытып жүрген қолы алтын құрылысшылар қауымының мерейі биіктеп, абыройы асқақтай түсті. Аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов құрылысшыларды мерейлі мерекесімен арнайы құттықтап, осы саланың үздіктеріне марапаттар табыс етті. Осы ауданның құрылыс саласын ұзақ жыл басқарған ардагер құрылысшы Мәдени Нұрдәулетов сөз кезегін алып әріптестеріне ыстық ықыласын білдірді. Серік жырау мереке иелеріне арнау айтып, көңілдерін көтерді. Мерекелік кештің соңы аудандық көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. Мереке иелерінің көңілдері шат болып, еңбектері еленді.
 
«ХАНТӘҢІРІ».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password