Темірден түйін түйген

Шебер, ісмер, қолынан іс келетін адам – деп ұсталарды айтады. Соның бірі Сарыжаз ауылындағы МАНЖУОВ Бақыт. Бұл шеберлікті Бақыт ағамызға әкесі Қожатай атамыз көзі тірі кезінде үйретіп кеткен екен. Шебердің ұсталық өнермен шұғылданып жүргеніне 14 жыл боған. Осы уақыт ішінде күнделікті тұрмыс-тіршілікте пайдаланатын заттарды жасап, халықтың қажеттілігін қамтамасыз етіп келеді. Соның ішінде ұстаның қолынан шыққан ат таға, ақ балта, балға, шот, шөп шапқыш, қалақ тәрізді тағы басқа көптеген тұрмыс құралдарын халық игілігіне пайдаланып жүр. Қазіргі уақытта үлкен ұлы Манжуов Жалғас, Күнтубаев Рысбек, Мейрамбек Бақдәулетұлы, Бақыт Елдар сынды жастарды ұсталыққа тәрбиелеп, білгенімен бөлісіп, темірден түйін түюдің қыр-сырын үйретіп жүр. Сонымен қатар үйінен ат тағалап, арқан есіп елдің алғысына бөленіп тұрады. Жұбайы Оралхан апамыз екеуі 5 бала тәрбиелеп, 8 немере сүйген ата мен апа атанып, шаңырағының берекесі болып отыр. Бүгінгі күнде көп кездесе бермейтін өнер түрін жетік меңгерген шебердің қолының қуаты таусылмасын.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password