3.5 C
Нарынкол
Пятница, 29 марта, 2024
No menu items!
Маңызды

Таразда Respublica партиясының идеяларын тыңдауға 1000 шақты адам жиналды

Respublica партиясы өкілдері сайлауалды турында 3000 шақырымнан астам жол жүріп өтті. Бүгін Respublica төрағалары мен кандидаттары Тараз қаласына ат басын тіреді.
Мұнда жергілікті кәсіпкерлермен, түрлі саладағы компаниялардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өтеді.
Ең алдымен көне шаһардағы кез келген тұрғын қатыса алатын, ой-пікірін, ұсынысын жеткізе алатын кездесу болды. «Баласағұн» сарайына партия мүшелерін тыңдауға 1000-нан астам тараздық азамат келді.
Көпшіліктің алдында партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, тең төраға Сырымбек Тау, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Қуаныш Шонбай, Қырмызы Жандосова, Екатерина Смолякова, Әсел Дәкен, Олжас Болатбекұлы және Бақытбек Хамит сөз сөйледі. Олар партия бағдарламасымен таныстырып, «Елде нені өзгерту қажет?» деген сауалды талқылады.
Шараны партия басшысы Айдарбек Қожаназаров ашып, жүргізіп отырды.

«Мойындаймын, біздің саясатта тәжірибеміз жоқ. Бірақ уәде беріп, кейін оны орындамай қалудан да тәжірибеміз жоқ. Сіздерге беретін жалғыз уадеміз мынау: сіз Respublica партиясынан тек шындықты естисіз, кейде бқл шындық ащы болуы мүмкін.
Бізге дауыс беру арқылы сіз болашақ үшін дауыс бересіз. Осы арқылы Қазақстанның талантты және іскер жастарына мүмкіндікке жол ашасыз», — деді партия төрағасы.

Партияның тең төрағасы, Мәжіліс депутаттығына кандидат Қуаныш Шонбай бсынан өткен қиын оқиғадан кейін партия қатарына өткенін айтты:

«Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау партияға өтуге ең алғаш ұсыныс жасағанда, мен келісе қоймадым. Мен адамдарға не бере аламын деп ойладым ба, білмеймін. Кейінірек өмірімде қиын жағдай болды, көлік апатына ұшырап, бір өлімнен аман қалдым. Осы оқиғадан кейін мен ұсынысты қабылдаймын деп шештім. Мен өмір бойы адамдарға көмектесіп, пайдалы болуым керек деп шешім қабылдадым. Бұл маған берілген екінші мүмкіндік деп ойлаймын», — деді Қуаныш Шонбай.

Екатерина Смолякова адамдарға өзгерістерге үміт сыйлайтын жаңа партия құрғаны үшін әріптестеріне алғыс айтты.

«Мен — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Менің жастармен жұмыс істеуде 10 жылдан астам тәжірибем бар. Екі баланың анасымын. Балаларымның болашағын өзіме үлгі болатын адамдарға сенімді түрде тапсырғым келеді, сол үшін де осы партияның қатарына қосылып, өзгерістерге атсалыспақпын»- деді Екатерина Смолякова.

Партияның тең төрағасы Сырымбек Тау Қазақстанда ауқымды реформалар жүргізілу керектігін айтты. Ең алдымен, қарызға белшесінен батқан қазақстандықтардың жағдайын жақсартуға баса назар аударылу керек. Ол ел тұрғындарының, тіпті азық-түлік алу үшін де несие алатынына қынжылды.

Кездесу соңында спикерлер аудиторияның күрделі әрі қиын сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Соңғы жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 19-шы Наурыз күні аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы отырысы өтті

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралады:1. «AMANAT» партиясы 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» Алматы облысы бойынша Сайлауалды бағдарламасын іске асыру...

Осыған ұқсас мақалалар