Талдықорған қаласы 93 % газбен қамтамасыз етілген

Бүгінгі таңда Талдықорған қаласы 93% газбен қамтамасыз етілген. 860 километрден астам газдандыру желісі салынды. Бұл туралы Талдықорған қаласының әкімі, Ғалымжан Әбдірайымов халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді.
 
Қала басшысының айтуынша, көгілдір отынға жеке сектордағы 7 мыңға жуық абонент, 38 көпқабатты үй, 2 мың пәтер және 54 коммерциялық нысан қосылған.
 
«9 мыңнан астам абонент көгілдір отынды пайдаланады. 926 шақырымның 863-інде газдандыру желісі салынды, жұмыс белсенді жалғасуда. 5 тоқсандық қазандықтарды газға ауыстыру жоспары негізінде ағымдағы жылы №3 қазандық ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін табиғи газға көшіріледі. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланды»,- деді Ғалымжан Әбдірайымов.
 
Айта кету керек, мемлекет қолдауының арқасында Талдықорғанның 150-ден астам үйі табиғи газға тегін қосылған. Ал 137-не бөліп төлеу арқылы газ қосылған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 500 миллион теңге бөлінді.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password