10 C
Нарынкол
Вторник, 23 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

«Ұлы Отан соғысы мен Ұлы Жеңіс — біздің ортақ тарихымыз!

Қазақстан Республикасының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы жеңіс күніне арналған Ресейдегі шеруге барған сапарын Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов бұл біздің елдеріміздің ортақ тарихы деді. 10 мамырда Мәжіліс аясында журналистер Ерлан Қошановтан қиын геосаяси жағдайды ескере отырып, президент неге шеруге барғанын сұраған болатын. Бұл сұраққа Ерлан Қошанов «біздің Президент Ресей жеріндегі Жеңіс шеруіне қатысты. Ол жерге Ресей Президентінің шақыртуымен барды. 9 мамыр менің ойымша біздің ортақ тарихымыз. Біздің барлық бауырлас мемлекеттеріміздің тарихы. Сондықтан президент Бірінші күні ол Ржев мемориалына барды. Ржевск қаласында Мәскеуді қорғап, 22 мыңнан астам қазақстандық жауынгерлер қаза тапты. Ол біздің батырларымызды еске алды» деп жауап берді.

Сонымен қатар, Мәжіліс Спикері өз сөзінде «Ұлы Отан соғысы мен Ұлы Жеңіс — біздің ортақ тарихымыз. Сондықтан барлық бауырлас мемлекеттердің басшылары осы шеруде болды. Менің ойымша, бұл біздің аталарымызға, соғыста қаза тапқан әкелерімізге құрмет. Бұл мәселені саясаттандырудың қажеті жоқ деп санаймын. Қазақстаннан соғысқа 1 млн 200 мың адам кетті. Олардың жартысы оралмады. Олардың көпшілігі Ресейде жерленген» деді.

 

Соңғы жаңалықтар

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен», проходившем в рамках республиканской экологической акции...

Осыған ұқсас мақалалар