7 C
Нарынкол
Пятница, 19 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

КІТАПХАНА ІСІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран уақытта мыңдаған кітапхана жабылды. Миллиондаған кітап қорынан айырылдық. Соңғы жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр»-деген болатын. Бұл – мемлекет басшысының ел болашағына алаңдайтынының айқын дәлелі іспетті. Кітап оқыған адамның рухани әлемі бай, білімі терең болатыны айтпаса да белгілі. Еліміздің ертеңі болашақ ұрпақтың қолында болғандықтан жастарды кітап оқуға баулу мемлекеттің дамуына жасалған алғашқы қадамдардың бірі болмақ. 

Сонымен қатар ел Президенті өз сөзінде «Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды. Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек. Өздеріңізге мәлім, мен былтыр Түркістанда өткен құрылтайда елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана салу туралы айттым. Ондай кітапханалар көптеген елде бар. Менің тапсырмаммен Алматыда және Астанада көп ұзамай осындай тамаша ғимараттар бой көтермек. Жалпы, бұл саланы жетілдіру үшін басқа да ауқымды шараларды қолға алу қажет. Алматыда кейбір кітапханалар заман талабына сай жаңғыртылды. Онда жастардың шығармашылықпен айналысып, білімін ұштауына толық мүмкіндік бар. Облыс әкімдері осы жақсы тәжірибені жалғастыруы керек»-деді. Бір сөзбен айтқанда Президентіміздің кітапхана ісіне бей-жай қарауға болмайды деген сөзі жанға жылу, көңілге медеу болады.

Әжікеева Қымбат Нұрданбекқызы,

Райымбек аудандық кітапханасының директоры

Соңғы жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ БІРГЕ ҚОРҒАЙЫҚ!

Табиғатты қорғау - адамзаттың басты міндеттерінің бірі. Табиғатты қорғау дегеніміз - табиғаттың әр бөлшегіне жанашырлықпен қарау, оның ресурстарын тиімді...

Осыған ұқсас мақалалар