10 C
Нарынкол
Среда, 24 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

Алматы облысы: Аманаттықтар тасқыннан зардап шеккен аймақтарға 1 мыңнан аса аяқ киім жолдады

«AMANAT» партиясы су тасқынынан зиян шеккендерге алғашқылардың бірі болып көмек қолын созып, гуманитарлық көмек жинауды бастап кетті.

Алматы облысында су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр. Бүгін игі бастамаға облыстық AMANAT партиясының мүшелері қосылды.

«Бірнеше өңірді су алып жатқандығы баршамыздың қабырғамызды қайыстырып отыр. Еліміз үшін, халқымыз үшін қолдан келген көмекті аянып қалмаймыз. Зардап шеккен аймақтардағы әріптестерімізбен хабарласып, қандай қажетті құрал жабдықтар керек екенін сұрадық. Олардың бірінші сұранысы – резеңке аяқ киім. Партияластар мен депутаттық фракция мүшелері 1 мыңнан аса резеңке етік жинап, алғашқы көмек легін бастады», – деді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев.

Айта кету керек, табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары үшін «Алатау жастары» КММ облыстық волонтерлік штабы сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында өңір тұрғындары халыққа қажетті заттарды алып келіп, өткізе алады. Қабылдау пункті Қонаев қаласындағы Центральная көшесіндегі 19 үйде орналасқан.

Соңғы жаңалықтар

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен», проходившем в рамках республиканской экологической акции...

Осыған ұқсас мақалалар