ТАҒАЙЫНДАУ

         Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, аудандық мәслихаттың шешімімен және Алматы облысы әкімінің өкімімен ДҮЙСЕНБАЕВ Берік Фатықұлы Райымбек ауданының әкімі болып тағайындалды.

          Берік Фатықұлы 1981 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2001 жылы Мемлекеттік спорт және туризм Академиясын, 2020 жылы Академик Е. А. Бөтеков атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

           Еңбек жолын 2001 жылы Алматы қаласы, Әуезов ауданының №26 мектебіне мұғалім болып бастаған.

        2006 жылы Әуезов ауданының № 26 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды.

            2007 жылы Әуезов ауданының № 169 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

            2008 жылы Заречный ауылындағы № 12 орта мектебінің директоры болған.

            2011 жылы Шеңгелді ауылындағы Қ. Жалайыр атындағы № 6 орта мектебінің директоры.

            2013-2020 жылдары Заречный ауылдық округінің әкімі болды.

            2020-2021 жылдары Қонаев қаласы әкімі аппаратының басшысы болды.

            2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қонаев қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

            Еңбек өтілі 21 жыл. Отбасылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password