Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында 4 мыңнан астам бала алғашқы мемлекеттік қызмет-туу туралы куәлікті алды

   Талдықорғанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында 4500 бала алғашқы мемлекеттік қызмет-туу туралы куәлікті алды.

Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы Асхат Такебаевтың айтуынша, Талдықорған қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелермен 40 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі 80% астамы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен көрсетілген.
» Ел тарихында елеулі мереке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Талдықорған қаласында дүниеге келген 4500 нәрестеге туу туралы куәлігі берілді. Бұл көрсетілген қызметтердің аз ғана бөлігі. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 90%-ын үйден шықпай– ақ «электрондық үкімет» веб — порталы арқылы электрондық түрде алуға болады», — деп атап өтті Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы-Әдеп жөніндегі уәкіл Асхат Такебаев.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, қызмет алушыларға сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау мақсатында жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимаратында «Оpen Тaldykorgan» әлеуметтік сала және азаматтық хал актілерін тіркеу қызметтерін көрсететін орталық ашылды.
Сонымен қатар, электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала бойынша 48 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары қызмет етуде.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password