ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ

        Ата-бабамыздың сан ғасырлар армандаған асқақ арманы ол-тәуелсіздік болатын. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасқанына қаншама ғасырлар өтсе де Тәуелсіздік таңы қазақ елі үшін 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Міне, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болғанына биыл 30 жыл толып отыр. Осы аз уақыт ішінде мемлекетіміз әлем елдерінің алдында өз қолтаңбасын қалдыра білді. Көптеген ұлттармен ұлыстардың басын қоса білген еліміз достықтың мекеніне айналды. Тәуелсіздігін жаңадан алған жас мемлекеттер түгілі сан ғасыр тарихы бар, экономикасы қарыштап дамыған мемлекеттер бетбұра бермейтін шешім қабылдап, астанасын ауыстырған санаулы елдердің қатарына еніп, батыл да сенімді қадам жасаған қайсар ел екендігін көрсете білді. Көрші мемлекеттермен тату-тәтті қарым-қатынас жасап, шегарасын бекітіп, әлемде жер көлемінен 9 орын алатын байтақ жердің иесі екенімізді қуана айтуымызға болады. Егемен еліміздің қалыптасу жолында еңбек еткен аға буынға айтар алғысымыз шексіз. Экономикасы тоқырап қалған жас мемлекетті тәй-тәй басқан баладай алдыға жетелеген қазақтың маңдайына біткен елжанды, рухы биік, қазақ үшін туған перзенттеріне мың алғыс. Біз тәуелсіздікті алу қаншалықты қиын болғанын білеміз, ал, тәуелсіздікті ұстап тұру одан да қиын екенін біле бермейміз.

       Тәуелсіздік – бұл қазақтың басына біткен бағы. Қаншама ұлттар бар ұлтарақтай жері, көтеретін туы жоқ. Сол ұлттарың қасында қазақтың бағы бес елі. Осындай бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп келе жатқан біздер бақытты ұрпақпыз. Тәуелсіздіктің тұғырын шайқалтпау әрбір азаматтың асылда қасиетті міндеті. Ол үшін елімізді сүйе білуіміз, жерімізді қадірлей білуіміз керек. Әр маман иесі өз саласының шыңына шыға білсе, мемлекетіміз ары қарай қанатын кеңге жайып самғай бермек. Жас ұрпақтың алдағы міндеті заман көшінен қалмай білім алып, алған білімін халықтың игілігіне жұмсау. Сондықтан, әрбір атқан тәуелсіздіктің таңы еліміз үшін баянды болғай.

  Олжас ЖЫЛҚЫБАЙ,

Шалкөде ауылдық округінің

жетекші маманы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password