Тәуелсіздік – Тәңір берген тәтті сый
Кез-келген елдің жылнамалық тарихында тарихи бастау алған кезеңдері болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылдың 16 желтоқсаны. Бұл – еліміздің ұлттық тарихындағы айырықша тарихи күн. Тәуелсіздік – ащы термен келген, тәтті жеңіс. Сол күні Қазақстан Республикасы жер жүзінде өзінің Тәуелсіз мемлекет екенін жариялады.
Тәуелсіздік мерекесі, мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке. Биыл рухы асқақ, тұғыры биік тәуелсіз мемлекетімізге 27 жыл толуда. Қарапайым қазақтың тілімен айтқанда нағыз ердің жасында, ұлы мақсаттардың басында тұрмыз. 27 жыл ішінде Қазақстан экономикалық дамуда, халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуде аса зор жетістіктерге қол жеткізді. Тұрақтылық және қоғамдағы өзара түсіністік, зор жауапкершілікпен жүзеге асырылған сыртқы саясат – республиканың ғаламдық деңгейде беделін өсірді.
Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарысының қиындықтарына қарсы тұрып, тұрақты даму жолына түсті. Биік белестерді бағындырып, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.
Қазақстанның қалыптасуы ең алдымен Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың есімімен байланысты. Елбасымыздың көрегендігінің арқасында егемендік пен тәуелсіздігіміз нығайып, алға қарай дамуымызда қазақстанның көптеген елдермен қарым-қатынасы жолға қойылып, тұрақтылықты сақтауға ықпалды қадамдар жасалды.
Тәуелсіздік – ол ұлттық мереке, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.
Тәуелсіздік мерекесі аудан көлемінде Нарынқол ауылының мәдениет үйінде аталынып өтті. Аудан халқын мерейлі мерекемен құттықтаған аудан әкімі Ж.Омаров бір жылдың ішінде жеткен жетістіктерімізді тілге тиек етіп, атқарылатын жұмыс жоспарларын ел назарына жеткізді. Сонымен қатар, ауданымыздың әлеуметтік –экономикалық дамуына үлес қосқан нақты және маңызды үлесі үшін «Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын беріп, Мақсат Нүсіпбекұлы, Айнашхан Алжанбаева, Атабай Кішібаев, Нұртан Төлепбергенов, Сейтжан Жұмаханұлы, Сұлухан Құдайбердіқызы, Смағұл Жылқыбаев, Нарбек Атамқұлұлы, Фархат Құмарбекұлы сынды азаматтарға құрмет төсбелгісін тақты.
16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өз жұмысын адал және кәсіби түрде атқарып, ауданның рухани және әлеуметтік дамуына қосқан зор үлесі үшін Ғ.Сәретбаев, Н.Байбориев, Б.Сыдықбаев, А.Нүсіпов, И.Спатаева, К.Шалабаева, А.Үлкебекова, А.Молдрахманова, Г.Арыстанбекова, Е.Ноғайбаев, Ә.Әбілжан, Н.Қамырова, Г.Әбітай, Б.Әліпбаев, Р.Қайқатырова сияқты мамандар аудан әкімінің құрмет грамотасымен марапатталса, Жандос Исаев, Кеңесгүл Қабылбекова, Нұрболат Теміров, Айнаш Әлдибекова, Самал Қаңлыбаева сынды ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген бірқатар мамандар аудан әкімінің алғыс хатын иеленді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерейтойына орай педагогтардың озық тәжірибесін тарату мақсатында ұйымдастырылған «Мәңгілік елдің мәртебесі» жобасында ұстаздық шеберлігін, шығармашылық ізденісін жоғарғы дәрежеде танытқаны үшін Көдек Байшығанұлы орта мектебінің директоры Миятжан Сақанұлы, еліміздің оқу ағарту ісіне сіңірген еңбегі үшін Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Республикалық Кеңесінің сертификатымен Албан Асан Барманбекұлы атындағы мектеп гимназиясы директорының әдістемелік жөніндегі орынбасары Ринат Кемелбекұлы, жанұялық тәрбие институтының алғыс хатымен Б.Соқбақбаев атындағы орта мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Қарлығаш Өсімбаева сынды ұлағатты ұстаздар марапатталды.
Тәуелсіз егемен елдің қалыптасу мен дамуы жылдары электораттық науқандарды әзірлеуге және өткізуге қатыса отырып, еліміздің Конститутциясында көзделген, халықтың өз билігін жүзеге асыру өкілеттерін еркін сайлау арқылы мемелекеттік және өкілді билік органдарына беру құқығын іске асыруына абройлы үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Мәжитұлы Имашевтың алғыс хатымен аудандық маслихатының аппарат басшысы Ғабит Сәретбаев марапатталса, Марғұлан Тоқстасынұлы, Алмас Тұлпарбекұлы, Жандос Таубалдыұлы, Арқалық Хариахмет сынды азаматтар аудан әкімінің грамотасына ие болды.
Өз кезегінде сөз алған аудандық маслихаттың хатшысы Ерлан Әкімбайұлы, ардагерлер мен ақсақалдар алқасының төрағасы, Райымбек ауданының құрметті азаматы Бекболат Ибраимұлы аудан халқын айтулы мерекемен құттықтап, ызғарлы желтоқсанның тарихына шолу жасады. Еркіндігіміз бен азаттығымыз үшін алаңға шығып ерлік көрсеткен ерендеріміз ерлігін еске алды.
«Қамқор – 2» кәсіподақ ұйымының төрағасы Ұлықпан Әбек Тәуелсіздігімізге жүрекжарды тілегін білдіріп, білім беру жүйесінде, ұжымның қоғамдық өміріндегі атқарған көп жылғы жемісті әрі белсенді еңбегі үшін, Алматылық «Демеу» жергілікті кәсіподағының Құрмет грамотасымен Галина Асқарқызы, Айнұр Баққожақызы, Роза Нұржауқызы, Айнұр Бекбайқызы, Майра Әміржанқызы сияқты білікті мамандарды марапаттады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке алғаш рет аяқ басып, арнайы тестілеу қортындысын алған Елдос Мұратбекұлы, Мұрат Тілепалдыұлы, Азамат Серікұлы сынды мемлекеттік қызметкерлер салтанатты түрде ел алдында ант тапсырды.
Айтулы күнде ауданымызға ат басын бұрып арнайы келген «Құлансаз» этно-фольклорлы ансамблінің өнерпаздары Тәуелсіздіке тарту жасап, әуелете салған әуезді әндерімен, күмбірлеген күйлерімен, мың бұралған билерімен көптің көңілін марқайтты.
Айнаш Әлдибек, «Хантәңірі».
0 Пікір