“ТӘУЕЛСІЗДІК ҰЛАНДАРЫ” АТТЕСТАТҚА ИЕ БОЛДЫ

       Түлектер үшін мектеп қабырғасындағы соңғы жауапты сәт — аттестат табыстау салтанаты. Ауданымыздағы биылғы жылғы аттестат табыстау рәсімі маусым айының 14-ші жұлдызына белгіленген екен. Дәл осы күні барша аудан мектептерінде салтанатты шаралар ұйымдастырылып, түлектер мектеп бітіру куәлігіне ие болды

       Нарынқол ауылы Тельман Жанұзақов атындағы орта мектеп ұясынан 2020-2021 оқу жылдарында 11 сынып бойынша 26 шәкірт білім нәрімен сусындап, алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр. 26 шәкірт ішінен 6 оқушы қатарынан оза шауып, “Алтын белгі” иегерлері атанды. Олар: Айбар Рақымбай, Үміт Тұрсынәлі, Аяна Тоқтарбай , Ақерке Сәду, Аружан Сатылғантегі, Ақерке Болат. “Тәуелсіздік ұландары” деп аталатын шара барысы айбатты Әнұранмен ашылып, мектеп директоры Мүтәліп Сәбитұлы Стыбеков мырзаның құттықтау сөзімен жалғасты. Құттықтау лебіздерден соң салтанатты жиынның жауапты сәтіне де жылжып, аттестат тапсыру рәсімі басталды. Аттестат табыстау мәртебесі арнайы шақырылған қонақтар: ардақты ұстаз, аудандық білім бөлімі басшысы- Саят Үмбеталиев мырза, аудандық білім бөлімінің аға әдіскері Мираш Қожамолдаева ханымға берілді. Құметті қонақтар қатарында ата-аналар қауымынан Әсел Игілікова ханым да қуанышқа ортақтасты. Мектеп бітіруші түлектермен қатар, 9-сыныпты “Үздік аттестатпен” аяқтаған оқушылар Айдана Сламқожа, Алтынай Ербосын, Алуа Омар, Айым Сағатбек, Жұлдыз Сыдықбек, Елдана Ғабитқызы мектеп директоры қолынан арнайы марапатқа ие болды. Осылайша үздіктер мен түлектерді ұлықтаған шара өз мәресіне жетіп, шәкірттер аса құнды мектеп бітіру куәлігін алып, үлкен өмірге деген нық қадамының алғашқы сатысын аттады.

Ақерке НҰРӘЛІМҚЫЗЫ,

Нарынқол ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password