Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!

Алматы облыстық мәслихатының депутаты, Райымбек ауданының Құрметті азаматы Бірбаев Бекболат Ыбырайымұлының аудан экономикасы мен әлеуметтік жағдайы және мәдениетінің көтерілуіне, бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі айрықша екені белгілі. Ел  алдындағы ерен еңбегімен абырой  арқалап келе жатқан ардақты азамат жуырда тағы да үлкен қуанышқа бөленді. Атап айтқанда, Жаңа жыл қарсаңында облыс орталығы Талдықорған қаласында еліміздің Тәуелсіздік күні мерейлі мерекесі мен Қазақстан Республикасы мәслихатының құрылғанына 25 жыл толуына  арналып өткен салтанатты жиындарда Бекболат Бірбаев Алматы облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы жергілікті мәслихатының Құрметті депутаты атанып, төсбелгілерімен марапатталды.

Ауданымыздың өсіп-өркендеуіне лайықты үлес қосуды азаматтық борышы санаудан айнымаған Б.Бірбаевты  осынау абырой иігіне көтерген мәртебелі атақтарымен құттықтай отырып, мықты денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз. Шыққан биігіңіз аласармай, абыройыңыз асқақтай берсін, құрметті Бекболат Ыбырайымұлы!

                                                 Райымбек аудандық мәслихаты

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password