Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Райымбек ауданы әкімі аппаратының» ММ қызметкерлері арасында семинар — кеңес өткізді. Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамасының нормалары түсіндірілді.
Сонымен  қатар, тыңдаушылар 2021 жылдың 1 қыркүйегінен басталған Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу тәртібі туралы хабардар болды.
Аталған семинардың мақсаты-мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру, сонымен қатар  сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың себептері мен жағдайларын төмендету болып табылады.

Райымбек аудандық әкімдігі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password