Тұрмыстағы газды пайдалану ереже

        Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының басшысы Қ. Омархалықтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Аталмыш жиынға Нарынқол ауылының жеке кәсіпкерлері, атап айтқанда «Самрұқ»,«АДМ ГАЗ», «Зере», «Қайрат Қазақбаев» басшылары қатысты. Жиынды өткізу барысында тауарлық газды тарату жүйесі бойынша тасымалдауды, газ тарату жүйесін техникалық пайдалануды, сондай-ақ тауарлық газды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруы бойынша жоғарыда көрсетілген жеке кәсіпкерлерге газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау жөніндегі алдын алу іс-шараларын түсіндіріп, сонымен қатар тұрғын үйлерге тауарлық газды жеткізуге шарттар жасасу кезінде тұтынушыларға тиісті журналға белгі қоя отырып, күнделікті тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану қағидалары бойынша нұсқама жүргізу керектігі жеке кәсіпкерлер басшыларына барынша түсіндірілді. Дөңгелек үстел өткізу нәтижесі негізінде отырысқа қатысқан кәсіпкерлер мен қонақтарға тұрмыстағы газды пайдалану ережелері негізінде біліп жүрулері тиіс ережелер жеткізілді, атап айтқанда: 1) егер Сіз газ иісін сезсеңіз «104» нөміріне қоңырау шалыңыз; 2) жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдырмаңыз; 3) газ құралдарына техникалық қызмет көрсетуді үнемі өткізіңіз; 4) газ құралдарын өз бетінше жөндемеңіз; 5) газ аспаптары жұмыс істеген кезде үй-жайды желдетіңіз; 6) үй-жайды газ плитамен жылытпаңыз; 7) газ құралдарына балаларды жібермеңіз; 8) газ құралдарын таза күйде ұстаңыз; 9) газ құралдарымен киім-кешектерді кептірмеңіз.

Еркебұлан Тергеусізов,

аудандық ТЖБ бас маманы,

азаматтық қорғау капитаны.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password