Тәрбие сағаттары өткізілді

        Ауданның барлық мектептерінде 2020- 2021 оқу жылының 1-18 қараша аралығында Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай іс-шаралар өткізілді. Мектеп психологтарының ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларымен «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет оның шынайы өмірі» атты дөңгелек үстел, 8-9 сынып оқушыларымен аталған тақырыпта сынып сағаттары, инклюзивті топтағы және мектептегі дарынды балалармен «Жүрек қуанышы» тақырыбында қолөнер бұйымдары жасалып, көрме ұйымдастырылды. Ал, 5-7 сынып оқушыларымен «Жалпы адамзаттық құндылық» тақырыбында эссе, шығарма, өлең, сурет байқаулары өтілді. Мектеп мұғалімдерімен «Сүйіспеншілік – әрбір жүректе» атты ұжымдық шығармашылық ісі және тренинг, ойындары бастауыш сынып оқушыларымен «Бақытты балалық шақ» атты тәрбие сағаттары болды. Аталған шаралардың барлығында оқушыларға сүйіспеншілік, махаббат, адами құндылықтар туралы мәлімет беріліп, мәдениеттілікке, рухани бай болуға, еңбек етуге, шынайы болуға бағытталып, рухани-адамгершілік тәрбиесі берілді. Өтілген шаралар кезінде арнайы бейнематериалдар көрсетілді. Шара жақсы деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті. Қазіргі кездегі біздің елімізде ғана емес әлемде болып жатқан пандемия кезінде өтілген бұл шара оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің көңілінен шығып, ерекше қолдау тапты. Шаралардың ішінде Сарыжаз орта мектебінің психологы Сакенова Жанардың 10-11 сынып оқушыларымен «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» атты дөңгелек үстелі, К.Байшығанұлы атындағы мектеп психологы Журынова Бейбітгүл, Қайнар орта мектебінің психологтары Түстікбаева Жадыра, Әбілғазиева Индираның «Жалпы адамзаттық құндылық» тақырыбында эссе, шығарма, өлең, сурет байқаулары, Қ.Шорманов орта мектебінің психологтары Мейірманова Гүлмира, Түкмүхамбетова Айсұлудың мектеп мұғалімдерімен «Сүйіспеншілік – әрбір жүректе» атты ұжымдық шығармашылық ісі және тренинг,ойындары, Абай атындағы орта мектебінің психологы Мырзаш Гулденнің «Жүрек қуанышы» тақырыбында көрмелері жоғары бағаланды.

 Жанар Сакенова,

Сарыжаз орта мектебінің

мектеп психологы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password