Тұрғындар назарына!

Құрметті Райымбек ауданының тұрғындары! 2022 жылдың 25-ші желтоқсан күндері мен 2023 жылдың 3-ші қаңтар күндері аралығында республикалық «пиротехника» атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның басты мақсаты-жеке және заңды тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатып алу, сақтау, есепке алу, қолдану, тасымалдау, әкелу, әкету қағидаларын сақтау, пиротехникалық өнімдерді көтерме жеткізушілерді анықтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға сатудың алдын-алу болып табылады.
Осы мақсатта Райымбек ауданы полиция бөлімінің қызыметкерлері және төтенше жағдайлар басқармасының қызыметкерлермен бірлесе отырып, дүкендер мен сауда-саттық және қоғамдық орындарында рейдттік іс-шаралары жүргізіледі.
Рейдттік іс-шара жүргізу барысында заңсыз сатылған пиротехникалық бұйымдарды сату, сақтау, тасымалдау пайдалану орын алған жағдайда, пиротехникалық бұйымдарды тәркілей отырып, жеке және заңды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 196,415,436,483 баптары бойынша көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз.
Аудан тұрғындары бір мезеттік көңіл-күй үшін, өзіңізді өзіңіздің балаларыңыздың өміріне қауып төндірмей, сақтық шараларын күшейтуді қажет екенін естеріңізге саламыз.
Сонымен қатар пайда табу мақсатында азаматтардың денсаулығын қатерге тікпеулеріңізді сұраймыз.

А.АКШИЕВ,
Райымбек аудандық полиция бөлімінің Азаматтық қызыметтік қару айналым бақылау тобының аға инспекторы полиция капитаны.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password