
Елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаға тіркелу науқаны басталып кетті. Сіз өз емханаңызға тіркеліп үлгердіңіз бе? Үлгермесеңіз, біз бүгінгі
#oqy&toqy айдарында оны оңай да онлайн жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз.

Egov.kz порталы арқылы:

Egov.kz порталына кіріңіз;

Іздеу жолында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» деген қызмет атауын теріңіз;

Қызметті онлайн сұратыңыз;

Бірінші қадамда сіз кімді тіркейтініңіз (балаңыз/өзіңіз) және тұрғылықты жеріңіз туралы ақпаратты енгізесіз;

Медициналық ұйым атауын және дәрігеріңіздің аты-жөнін таңдаңыз;

Мекенжайыңыз бен байланыс нөміріңізді көрсетіңіз;

Келесі қадамда енгізген мәліметтеріңіздің дұрыстығын тексеріп, қызмет мәртебесімен таныс болыңыз;

Нәтижені жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан біле аласыз.

Телеграм бот арқылы:

Телеграмдағы EgovKzBot2.0 ботына кіріңіз;

Теру жолынан көрсетілетін қызметтер тізімін ашыңыз;

Денсаулық сақтау батырмасын басыңыз;

Медициналық ұйымға месенджер ақылы тіркелу батырмасын басыңыз;

Қызметті кімге алатыныңызды көрсетіңіз;

Мекенжай мәліметтерін растаңыз;

Тұрғылықты өңіріңізді көрсетіңіз;

Емхананы таңдаңыз;

Тіркелу себебі мен дәрігердің аты-жөнін көрсетіңіз;

Бот сіздің өтінішіңіздің нөмірі мен тіркелгендігіңіз туралы ақпаратты бірден көрсетеді.
0 Пікір