СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА — ЖОЛ БЕРМЕЙМІЗ!
Сыбайлас жемқорлық деген қоғамның немқұрайлығы және төзімділігі, адамдармен қоғамдық мүддеге қауіп сияқты емес, мінез-құлық нормасы болып қабылданып кеткен сыбайлас жемқорлық, құқықтық мемлекеттің құрылған іргетасын бұзуға бейімделген бақылаудан шыққан күш болуының кепілдігі болып отыр. Сондықтан да оны болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде. Атап айтсақ, сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қазіргі заман талаптарына сай құқықтық базасы құрылды. 2015 жылғы 18 қарашадан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілді. Заңда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
2015 жылдың 29 желтоқсанынан бері мемлекеттік қызметшілер үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» № 153 Жарлығы күшіне еніп, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің жүйесінде Тәртіптік кеңес құрылды. Мемлекеттік органдарда жұмыс істейтіндердің өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайлылығы, шенеунік — тердің тойымсыздығы, қарапайым анықтама алуы үшін шеті мен шегі жоқ кезек көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Өйткені, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып алсақ қана тоқтатуға болады. Бүгінгі таңда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс. Сондықтан да құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп күресейік
Б.Омаров,
Райымбек ауданының
қазынашылық басқармасының
басшысы.
0 Пікір