Судағы қауіпсіздікті сақтамаған 14 адамға айыппұл салынған

    Судан келер қауіп сейілер емес. Өткен жылы Қаратал өзеніне 1 адам суға батып көз жұмса, 14 адам айыппұл арқалаған. Ал биыл жыл 1,5 жасар қыз бала ажал аузынан аман қалды. Бұл туралы Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Азаматтық қорғаныс тобының аға офицері, аға лейтенант Ерболат Нұрқасен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Шомылау маусымында орын алар оқыс оқиғаның алдын алу үшін жауаптылар түрлі шаралар өткізуде. Соның бірі, Қаратал және Балықты өзендеріне тексеріс жүргізу. Профилактикалық жұмыс нәтижесінде аталмыш аймақта 8 рұқсат етілмеген орынның бары анықталған. Бұған дейін Қаратал мен Балықты өзендерінің жағалауындағы шомылуға тыйым салынған жерлерге 46 белгі орнатылған, бүгінде олардың 36-сы қалса, қалалық жағажайдағы 6 белгінің 4-еуі ғана орнында тұр. Қазіргі таңда белгілерді толықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Ерболат Нұрқасеннің айтуынша, тыйым салынған жерде суға түсу, қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы оқиғаға алып келетінін демалушылар ескере бермейді.

Айта кетейік, бүгінде «Жазғы демалыс кезіңдегі су қауіпсіздігі!» бойынша ашық сабақтар, семинарлар өткізілуде, сондай-ақ бассейндері бар спорт кешендерінде балаларға суда түсу және жүзу қағидалары үйретіледі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password