СУ ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ САЛЫНУДА

    Ағынды тау өзендері бар өңірлерді қажеттілігіне қарай су электр стансаларының құрылысын жүргізіп, игілікке айналдыру тиімді. Бұл бағытта іс-әрекет жасап жатқан құрылымдар аз емес. Солардың бірі Райымбек ауданына қарасты Үш Қақпақ өңіріндегі «Үлкен қақпақ Гидро» ЖШС айтуға болады. Аталған серкітестік биылдан бастап Кіші Қақпақ өзенінен қуаттылығы 4,9 МВт құрайтын су электр стансасының құрылысын жүргізіп жатыр. Ауыл тұрғындары кезінде қарсылық білдіргенімен игілікті шаруа болып жатса көрерміз деген ниетте болып отыр. Бұл жобалы жұмысқа 3,3 миллиард теңге инвестиция тартылмақ.

        Мұның сыртында «Energy DeveIopment Company» ЖШС Текес өзенінің бойынан қуаттылығы 24,8 МВт болатын су электр стансасының құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта техникалық және экономикалық құжаттары дайындалуда. Бұл жобаға тартылатын инвестиция көлемі 14,1 миллиард теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылы бастап, 2025 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Аталған серіктестік 2025 – 2027 жылдары Нарынқол ауылының маңындағы Байынқол өзенінен қуаттылығы 32,8 МВт құрайтын су электр стансасын салуды да жоспарлауда. Бұған тартылатын инвестиция 18,5 миллиард теңгені құрайды. Мұның бәрі жүзеге асып жатса, Нарынқол өңірі тұрғындарына тигізер жақсылығы, тиімділігі аз болмас деп ойлаймыз.

 Қанат БІРЖАНСАЛ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password