Ұстаздың бақыты – шәкіртінің жетістігінде

    Мектеп оқушыларын отансүйгіштікке баулу, білімін дамыту әрбір ұстаздың басты міндеті. Білімді оқушылар жаһандық бәсекеге қабілетті болып өсері сөзсіз. Жаһандық бәсекеге қабілетті жастар еліміздің ертеңі екені анық. Мемлекетіміздің болашағын жалғайтын жастарды тәрбиелеу жолында ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз.

   Міне, осындай қиындығы мен қызығы мол мамандығын мақтанышы санайтын, ұрпақ тәрбиесі жолында маңдай терін шүмектеп төгіп еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздың бірі САҒАБАЕВА Айгүл Бөшенқызы. Жұмыс жолын 2002 жылы Нарынқол ауылындағы О. Жандосов атындағы орта мектепте тарих пәні мұғалімі болып бастаған. 2003 жылы Т.Жанұзақов атындағы орта мектепке мектеп директорының сұранысымен ауысып, осы мектепте 16 жыл шәкірт тәрбиелеген. 2019 жылдан бастап Б. Соқпақбаев атындағы орта мектепте қажырлы еңбек етуде. А. Сағабаеваның жалпы 18 жыл ұстаздық өтілінде білім берген шәкірттері бүгінгі таңда шетелдерде және мемлекетіміздің түкпір-түкпірінде әр салада қызмет етіп жүр. А. Бөшенқызы әрбір оқушысының жетістігін ұстаздық бақытым деп мақтаныш етеді. Бүгінгі таңда Б. Соқпақбаев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, «Қоғамтану» пән бірлестігінің жетекшісі, 7ә сыныбының сынып жетекшісі. Өзі жетекшілік ететін 7ә сыныбының оқушысы КУЛЕМБЕКОВА Гүлім сынды оқушысын мектептің мақтанышы тұтады. Г. Кулембекова сынып оқушылары арасында белсенді, ұйымдастыру қабілеті жоғары. Атап айтқанда математика пәнінен аудандық «Мың бала» олимпиадасына қатысып, бірінші орынды жеңіп, облысқа жолдама алды. Облыстан «Мың бала» олимпиадасынан өтіп, Алматы қаласындағы Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатына оқуға түсті. Гүлімнің осындай жоғары дәрежеге жетуіне өз үлесін қосып отырған жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Балтабай Жәнияның да еңбегі ерен.

       Білімнің биік шыңынан көрінетін оқушыларды тәрбиелеп отырған ұстаздардың бақыты шәкірттерінің жетістігі.

Дастан ЖАНАСЫЛ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password