Ұстаз – ұлы мамандық

        Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаздың алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

       Осындай аяулы жандардың қатарында Т. Жанұзақов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдерін атап өтуге болады. Олар Бекейқызы Майгүл, Сатынбаева Бинара, Низамова Арзиям, Мұқатаева Алмагүл, Мышбаева Индира, Момбекова Динара, Тоқал Гүлмира, Оңғарова Мейіргүл, Асан Анель. Биылғы оқу жылында ұстаздар мен шәкірттеріміздің жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай.

        25-30 қаңтар аралығында «Болашақ» пән бірлестігінің онкүндігі аталып өтілді. Үлгілі ашық сабақтар, тәрбие сағаттары мен қорытынды кештер жоғары дәрежеде өтті. Шәкірт жүрегінен ойып тұрып орын алатын осындай ұстаздармен бірге, бір ұжымда жұмыс істеу мен үшін де үлкен мақтаныш.

       Менің ойымша, кез келген адам мұғалім бола алмайды. Себебі ұстаз – тағылымы терең тұлға. Әрі ол бар мамандықтың қыры мен сырын жетік білетін маман иесі. Ал ондай сегіз қырлы бір сырлы болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Олай болса, ұлағатты ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс, білікті біліммен бірге қажырлы еңбек бірге ұштасу қажет. Яғни, ұстаз мамандығы ең асыл, ең қасиетті, ең қадірлі адам, дүниедегі мамандықтың төресі деуге болады. Сондықтан да мұғалім болу оңай іс емес. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау»-деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, шәкірт өмірінде ұстаздың алар орны ерекше. Алар асулар мен шығар биіктеріңіз мол болғай, аяулы ұстаздар!

Шынар ТҰРЫСБЕК,

Т. Жанұзақов атындағы орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password