СПОРТТЫ СЕРІК ЕТКЕН ҰРАНДЫ ЕР

   Төленді Қожагелдиев 1936 жылы қыркүйек айында Қытай Халық Республикасындағы Қызылкүрке ауданында туған. Ол сегізінші сыныпқа дейін сонда оқып, 1953-1956 жылдары Құлжадағы ұйғыр-қазақ ұлдар мектебін бітірген. Содан кейін Құлжадағы педучилищені ұйғыр тілінде тәмамдайды.

1956 жылы Пекин қаласында өткен жарысқа қатысып (жеңіл атлетика) жүлдемен оралған. Өте еңбекқор болды. Тағы бір қасиеті — шаршамайтын. Оқушы кезінде бір жарыста ұзын қашықтыққа жүгіруден аймақтың чемпионы атанған.

1962 жылы Қытайдан өз Отанына келгеннен кейін Сарыбастау ауылындағы орта мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып алынып, оқушыларға спорттық білім беруде ерен еңбек етті. Содан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін мектепте ұстаз болды. Ол баскетбол мен волейболды жақсы ойнайтын, оқушыларды жарысқа өте жоғарғы деңгейде дайынайтын. Және де аудандық, облыстық жарыстардан жүлделі болып оралатын. Шәкірттері Беков Бақыт, Әшімбаев Мақсат, Ұлдарбеков Бақытжан әрқашан жүлдемен оралатын.

Жетпісінші жылдардың ішінде Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институттың тарих факультетін сырттай оқып бітірген. Өте еңбекқор жан еді. Өзінің арнаулы (спорт) білімі де жоқ. Қытай Халық Республикасында мектепте оқып жүргенде волейбол, баскетбол үйірмесіне қатысып, шебер спортшы атанған. Оқушылары Нарынқол ауданында өткен жарыста 1-ші орынды ешкімге бермей чемпион болып жүрді. Облыстық жарыстарға да қатысып, жүлдегер атанды. Зейнетке 1995 жылдан бастап шыққан.

Шебер спортшы 2015 жылы қарашада дүниеден озды. Спортты жанына серік етіп, салауатты өмір салтын қолдаған ұстаздың бапкерлігі көпке өнеге. Бүгінде спортқа бар ынтасымен берілген шәкірттері болашақ чемпиондарды тәрбиелеп жатыр. Ұлы Еркін әкесінің жолын қуып ұстаз болды. Төленді Қожагелдиевті аудандағы барлық спортшылар жақсы таниды. Сонымен қатар, жақсы ұстаз ретінде елге сыйлы азамат ретінде мәңгілік ел есінде!

КЕМЕЛБАЙ Әмина,

Сүлеймен Демирел атындағы

университеттің 1-курс студенті.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password