«Сіздер сұлулық пен махабаттың символысыздар…»:Амандық Баталов әйелдерді мейрамдарымен құттықтады

      Талдықорған қаласының салтанат сарайында 8 наурызға орай облысымыздың әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен салтанатты шара өткізілді. Ауданымыздың әкімі медицина,әлеуметтік сала,білім беру,мәдениет және спорт саласына еңбек сіңірген нәзік жандыларды құттықтады. Осы аталаған мамандар арасында Жетісудың атақты да үздік әйелдері бар. Олардың бірі: Социалистік еңбек ері, Алтын жұлдыз, Ленин орденінің иегері -Күләш Айтжанова, ҚР халық әртісі, Б.Римова атындағы облыстық драма театрының әртісі -Алмахан Кенжебекова, Нурила Бөлекбаева — облыстағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен қоса басқа да аса маңызды салаларда көптеген жылдар бойы еңбек еткен аруларымызды атап өтті. Сонымен қатар, алда келе жатқан мейрамға қарсы Алматы облысының әкімі шын жүректен нәзік жандылардың барына, өмірдің мәні мен сәніне айналған аруларға арнайы алғысын білдірді.

“Сіздердің әр біріңіз отбасыларымыздың ошағы,ұйытқысы,баға жетпес алтыны,сұлулық пен жылудың көзі бола тұрып,өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып отырсыздар.Өткен жыл мен ағымдағы уақыт бәріміз үшін оңай болмады. Бірақ, барлық қиындықтарға қарамастан, біз тұрақты дамуды сақтай отырып, алға қойылған мақсаттар мен бағыттарға қол жеткіздік. Бұның бәрі сіздердің еңбектеріңіз. Себебі,қазіргі заманауи әйел-тек қана ана емес, ол адал жар, қандай жағдай болмасын қасыңнан табыла білетін серіктесің, ақылшың»,-деді Амандық Баталов.

Шара барысында өңір басшысы Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының директоры Жәмилә Әбеуоваға, полиция майоры Алтынай Мамбетбаеваға және «Іле жүрегі» еріктілер клубының мүшесі Мәриям Тынышбаеваға құрмет грамотасын табыс етті. Ал Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жетекшісі Марина Коваленко, Қапшағай қаласындағы мектепке дейінгі мекеменің математика пәні мұғалімі Мариям Аңсаған және Алматы облысының волейбол құрамасының ойыншысы Наталья Акилова Амандық Ғаббасұлының қолынан алғыс хат алды.

Меруерт Ақбарова

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password