Штаб отырысы өткізілді
Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында әлем халқын әбігерге салған пандемияға байланысты жиын өткізілді. Жиналысты аудан әкімінің орынбасарлары С.Сатылғанов пен Н.Сағатбекұлы ашып, жүргізіп отырды. Жиналысқа ауылдық округ әкімдері, аудандық аурухана басшысы Жантас Әкімбаев, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қуіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Фарида Ережепова, сондай-ақ мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі басты мәселе ретінде аудандағы карантиндік сақтық шаралары сөз болды.
Жиын басында баяндама жасау үшін сөз аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысы Ф.Сүлейменқызына берілді. Баяндамадабірқатар мәселеге мән берілді. Көпшілік жиналатын жиын тойлар мен өлім-жітім кезінде халық санын тиісінше азайту жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізілетіндігі де сөз барысында айтылды. Қазіргі таңда өңір тұрғындары өз қауіпсіздіктері үшін барынша сақтану керектігі, міндетті түрде бетперде тағып жүруі баса ескертілді. Өз кезегінде аудандық аурухана басшысы Ж.Нұрланұлы жұқпалы індеттің қазіргі таңдағы ахуалымен бөлісті. Сонымен қатар, окугтердегі барлық дәріханалар бойынша бірқатар сын-ескертпелерді де ескере кетті. Баяндама барысында емхана басшысы өз кезегінде өңірде дәрі-дәрмек қоры аз екендігін де тілге тиек етті. Аудан бойынша халыққа қызмет көрсететін жалпы саны 15 дәріхана үздіксіз жұмыс жасап келеді. Дәрі-дәрмек қоры бойынша алдағы уақытта жұмыс жасаймыз,- делінді баяндама барысында.
Ал, бүгінгі таңда қауіпті кеселді жұқтырғандардың басым көпшілігі аудан орталығында тіркелген екен. Атап айтқанда, аудан бойынша 37 науқас тізімде тұр. Оның ішінде Нарынқолда – 18, Сарыжазда – 7, Текесте – 4, Сүмбеде – 4, Тегістікте – 3, Шалкөдеде – 3, Қарасазда – 2, Көксайдан – 1 науқас тіркелген.Қазіргі уақытта аурухананың жансақтау бөлімшесінде 3 науқас ем алуда.
Жиналыс соңында аудан атқа мінерлері жүріп жатқан пандемияға байланысты тұрғындарды сабырлы болуға шақырды. Сонымен бірге акция арқылы ауданда қауіпті кеселден сақтану мақсатымен бетперделер тігуді қолға алу керек екендігін еске салды.
Біріккен жағдайда ғана індетті жеңе аламыз. Сондықтан сын-сағатта жұдырықтай жұмылып, ауызбіршілікті сақтай білейік.
Елдос Ахметжан,
Нарынқол ауылы.
0 Пікір