ШЕКАРА ШЕБІ ҚЫРАҒЫЛЫҚТЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

     Ауданымыз шекаралы аймақта орналасқаннан кейін оны ауданның барша халқы болып күзету ортақ парыз саналады. Өйткені, шекара шебінің тыныштығы күнделікті тыныс-тіршілігіміздің алаңсыз болуына негіз қалайтыны анық. Сондықтан осы өңірде ғұмыр кешіп, тағдырын шекара тәртібімен байланыстырған әркім-ақ, жауапкершілік пен қырағылықты жете сезінгені абзал. Сол арқылы өзінің Отанын қорғауға лайықты үлес қосып жүргенін түсінгені жөн.

    Шекара болған соң мұндағы өмір ағымы қатаң тәртіпті, мемлекеттік заңдылықты талап етеді. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар сол заңдылыққа жүрдім-бардым қарайтыны жасырын емес. Нақтылап айтқанда, шекара шебінде орналасқан Нарынқол,Қызылшекара, Сүмбе сияқты ауылдардың тұрғындарының егістік, шабындық, жайылымдық жерлері  шекара ішіндегі аумаққа орналасқаны белгілі. Сол себепті, шаруаларын  сол жерде жүргізетін азаматтардан шекаралық белдеуге кіру үшін  арнайы  рұқсаттама талап етіледі. Ал, ол рұқсаттама ауылдық округтер арқылы жүзеге асырылады. Мұны әркім-ақ жақсы білетініне талас жоқ. Бірақ, сол талаптың орындалуында кейде заңдылықтар бұзылып, қылмысты оқиғаларға жол беріліп жатады. Сөзіміз дәлелді болуы үшін мына бір оқиғаны келтірсек те жеткілікті.

    2021 жылдың желтоқсан айында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Нарынқол ауылының тұрғыны «А» өзі пайдаланып жүрген компьютермен шекаралық белдеуден  өтуге арналған рұқсаттама түбіртегін сканер жасау арқылы шекаралық белдеуге (негізгі инженерлік құрылғылар шебі) өтуге арналған рұқсаттама (пропуск) түбіртегін «А» есімді азаматқа аты-жөнін, ЖСН нөмірін өзгерту арқылы қолданылмайтын тәсілмен жасап шығарып берген. Құжатты жасап бергені үшін қаржылай ақы алған. Былайша айтқанда жалған құжат жасауды пайда көзіне айналдырған.

      Мұндай оқиға 2022 жылдың қаңтар айында Қызылшекара ауылында да орын алды. Осы ауылда тұратын «С» есімді азамат өз пайдасы үшін «Қ» есімді азаматқа өзі пайдаланып жүрген компьютермен рұқсаттама түбіртегін сканер арқылы аты-жөнін және  жеке куәлік нөмірін өзгерту арқылы жасап берген. Жоғарыда жасалынған қылмыстық іс-әрекеттер бойынша бұл  азаматтар ҚР ҚК-нің 385-бабы 1 және 3-бөлігімен жазаға тартылды.

    Аталған 385-бап «Жалған құжаттарды мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемдері белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» сияқты қылмыстық әрекеттер орын алғанда қолданылатынын ескертеміз.

    Құрметті Райымбек ауданының тұрғындары! Жоғарыда аталған қателіктердің қайталанбауы үшін Сіздерден шекаралық белдеуге кіруге және онда болу рұқсаттамаларын ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы №51 қаулысы «Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары» тәртібі бойынша алуларыңызды сұраймыз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2019 жылғы  «11» ақпандағы

№51 қаулысына қосымша

 

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің

2013 жылғы «29» қарашадағы

№1275 қаулысымен бекітілген

     Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары

  1. Жалпы ережелер

1.Осы шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары (бүдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік  комитеті Шекара  қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) шекаралық белдеуге кәруге,онда болуға рұқсаттамаларды (бұдан әрі – рұқсаттама) беру тәртібін айқындайды.

  1. Рұқсаттамалар беру тәртібі

2.Жеке тұлға рұқсаттама алу үшін Шекара қызметіне Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта  өтініш  береді.

3.Жеке және заңды тұлғалар шекаралық  белдеуге  шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізуге рұқсаттама алу үшін Шекара қызметіне веб-портал арқылы электронды форматта мынадай құжаттарды ұсынады:

     1)Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттамалар алуға ұсыну, онда жұмыс жүргізудің немесе іс-шаралар өткізудің  сипаты, орны, қатысушылары, уақыты, пайдаланылатын кәсіпшілік және өзге де кемелер, көлік және өзге де техникалық  құралдар туралы, ал қажет болған жағдайларда, егер бұл  шектес  мемлекетпен Қазақстан  Республикасының  халықаралық шарттарында ескертілсе, Мемлекеттік  шеараны  кесіп өту орны мен уақыты туралы мәліметтер көрсетіледі;

      2) тиісті  уәкілетті органдардың шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге іс-шараларды жүргізуге  рұқсат құжаттарының көшірмесі.

  1. Шекара қызметінің портал арқылы  өтінішті немесе  ұсынуды  қарау және рұқсаттама  беру мерзімі өтініш немесе ұсыну енгізілген сәттен бастап  он жұмыс күнінен аспайды.
  2. Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың толық көлемде ұсынылмауы не өтініште немесе ұсынуда  дұрыс емес мәліметтерді көрсету фактісі белгіленген жағдайда Шекара қызметі үш жұмыс күні  ішінде  Қағидаларға 3-қосымшаға  сәйкес  нысан бойынша жазбаша уәжді бас тартады.
  3. Рұқсаттамаларды беруді Шекара қызметі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша портал арқылы  электрондық форматта жүзеге асырады.
  4. Рұқсаттама тиісті уәкілетті органдар шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де  қызметті, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды жүргізуге берген рұқсаттың қолданылу мерзімдерін ескере отырып, өтініште немесе  ұсынуда көрсетілген, бірақ  күнтізбелік бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

   Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін рұқсаттама күшін жояды.

  1. Шекаралық белдеуге тікелей сол жерде тұратын адамдарды  өткізу сол жергілікті  жерде нақты  тұратыны  туралы  жергілікті  атқарушы  органдар берген  анықтамасы болған жағдайда, жеке  басын  куәландыратын құжаттары бойынша   жүзеге асырылады.

     Шекаралық белдеуде  тұратын, бірақ одан тыс жерде оқитын орта мектеп оқушылары, оқу орындарының студенттері жергілікті атқарушы органдардың  олардың  шекаралық белдеудің  елді мекендерінен оқуға шығаратындарын растайтын анықтамалары бойынша   шекаралық белдеуден шығады (кіреді).

      Шекаралық белдеуге ата-анасымен немесе өздерімен  бірге жүретін адамдармен  кіретін 16 жасқа дейінгі  балалар туралы мәліметтер  осы адамдардың рұқсаттамасына енгізіледі.

  1. Жақын туыстары қайтыс болған (ауырған) жағдайда  адамдар өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттар және медицина  ұйымдары растаған  тиісті жеделхаттар (анықтамалар), ал  туыстары  жерленген жерлерге  бара  жатқанда жерлеу орнын растайтын мәліметтер бойынша шекаралық белдеуге рұқсаттама рәсімдей  кіреді.
  2. Рұқсаттамалар жоғалған (бүлінген) жағдайда жеке және заңды тұлға портал арқылы Шекара қызметіне рұқсаттаманы жоғалту  фактісі  бойынша  түсініктемені көрсетіп, оны қайта беру туралы  өтінішхатты ұсынады.

      Шекара қызметі рұқсаттаманы қайтадан беруді үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде  портал арқылы  электрондық форматта  жүзеге асырады.

  1. Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны қорғау мүдделерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттамалардың қолданылуына  шектеу енгізуі немесе оны уақытша тоқтата тұруы мүмкін.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі

Райымбек ауданы бойынша

шекара басқармасы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password