ШАРТАС

     Райымбек ауданы өңірінде Сарыбастау мен Абай ауылдарының төрінде Шартас атты тау жоталары бар. Шартас Сарыбастау ауылынан онша алыс емес, бар болғаны, шамамен алты-жеті шақырым шамасындай ғана жерде. Шығысында Үйсін тауының үлкен жотасы жатса, солтүстігінде Есекартқан тауы. Осы жерде бір жалпақ таста адам жұдырығы сиятын тесік бар. Ол туралы үлкен кісілер: «Кезінде бұл тесік тасқа Манас батыр атын байлапты. Соған таяу жердегі үстел тәрізді тас та өзінің ерекшелігімен таңдандырады. Үстел болғанда, кәдімгі төрт бұрышты, үсті теп-тегіс тас. Бұл тастар қолдан жасалған мүсіндерге көбірек ұқсайды, шоқпар тәріздес, бүркіт бейнелі, кейбірі адамға да ұқсайды. Тесік тастан басталған тас жабдықтар; түңлік тас, табақ тас, астау тас, стол тас, бесік тас, диірмен тас, түйе тас, тоқпақ тастар ашық аспан астында жатқан музейдің экспонаттары сияқты. Мұндағы тас көріністерінің келбеттері сан алуан, оның әрқайсысына әртүрлі баға беріп, әр қырына қарап, әр нәрсеге ұқсата беруге болады. Осы қазынаның сыры әлі де шешуі жоқ жұмбақтай. Табиғаттың өзі сыйлаған сұлулықты көрген адамның көзі тояды. Бұл жерде туризм саласын дамытуға әбден болады.
Көшперлі редакцияны ұйымдыстырған:
Жұмабек ТӘЛІПҰЛЫ, Дастан ҚАСЕНҰЛЫ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password