Шаршы алаңда — мемлекеттік қызметшілер

        Спорт-денсаулық кепілі. Ешбір дертсіз, өзіңді сергек сезіну мен ұзақ өмір сүрудің кілті-спортта. Рухани әлем мен материалды әлем үшін де спорт аса маңызды. Осыған орай, еліміздегі спорт саласына үлес қосып, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында аудан орталығында айтулы іс-шара ұйымдастырылды.

       «Райымбек батыр» атындағы спорт мектебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті және Алматы облысы әкімі аппаратымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне байланысты арнайы шаралар жоспары бекітіліп, мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен аудандық отбасылық байқау өтті. Жарыстың шымылдығын аудан әкімі Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы ашып, алғашқы құттықтау сөзін алды. Қатысушы топтар «Қарасаз» тобы Малтақбаевтар әулеті, «Тұлпарлар» тобы Шенебековтар әулеті, «Райымбек 1» тобы Беглан әулеті, «Райымбек 2» тобы Ахметовтар әулеті, «Жігер» тобы Мұқановтар әулеті, «Хантәңірі» тобы Ақыловтар әулеті, «Алғырлар» тобы Мәжен әулеті, «Құрылысшылар» тобы Төлеген әулеті, «Жалын» тобы Бөктербаевтар әулеті, «Бірлік» тобы Шапағат әулеті, «Мұзбалақ» тобы Сайлау әулеті таныстырылып, ұрандарымен бөлісті. Қатысушыларға қойылған талаптар: ойыншылар құрамындағы ата-аналар мемлекеттік қызметкер болуы, бала жасы 10-12 жас аралығын құрауы, топтық бір түсте спорттық киімдер қолданылуы, карантин шаралары қатаң сақталуы шарт. Осы талаптардың сәйкестігіне көз жүгіртіп, жарысқа әділ бағасын беруші қазылар алқасының құрамын Райымбек ауданы әкімі аппаратының басшысы Гуля Кенебаева, Ұзақ батыр ауылдық округінің әкімі Шалқар Әлдибеков, аудан әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Талғат Садырұлы толықтырды. Ойын барысында қатысушылар 6 кезеңдік эстафеталық ойындар пингвин ойыны, секірмекпен секіру, арнайы тақтайшалармен белгіленген межеге бару, картоп салып жинау, допты төбеден астыға алма-кезек ауыстыру, жылдамдыққа жүгіру арқылы бақ сынасты.

        Жарыс қорытындысы бойынша, Сарыжаз ауылдық округі Мұқановтар әулеті «Жігер» тобы 377 ұпаймен 3-орынды иеленді. 2-орынды 359 ұпаймен Шенебековтар әулеті «Тұлпарлар» тобы алса, бас бәйгені Ақыловтар әулеті «Хантәңірі» тобы қанжығасына байлады. Құттықтау Алғыс хаттарын төреші Гуля Смағұлқызы арнайы сыйлықтармен табыстады.

Ақерке Бижан,

Еңлік Жұмаш,

Нарынқол ауылы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password