ҮШ БУЫНДЫ ЖҮЙЕ

 Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Конституциясының 12 бабымен көзделгендей, Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi.

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 4 бабына сәйкес, прокуратураның басты міндеттерінің біріне, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жүктелген.

Қазақстан Республикасының Президентіненнің 01.09.2020 жылғы халыққа жолдауында «Заң үстемдігі орнықпаса және аза­мат­тардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бір­де-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды»,- деп көрсетілген және оны іске асыру құқық қорғау және сот жүйеле­ріне жүктелген.

Және де, Президент: Қазақстанда өкілеттіктердің ара жігі нақты ажыратылған үш буынды модельді құру керек деп санады. Полиция қылмысты анықтап, оған қаты­сы бар адамдарды тауып, айғақ жинап, оны тиянақтап беруге міндетті. Прокурор жиналған дәлелдемелерге тәуел­сіз баға беруге, азаматтардың құқы­ғын бұзуды болдырмауға, кінәсіз адам­дардың қылмысқа тартылуына жол бермеуге, сотта айыптау жағын қол­дауға міндетті. Сот органдардың әрекетіне қатысты шағымды қарайды және іс бойынша ақтық үкім шығарады.

Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген міндеттемелерден кейін 2020 жылдың 19 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданып, 2020 жылдың 31 желтоқсанында қолданысқа енгізілді.

Осы орайда жаңа заң аясында прокуратураның функционалдық міндеттері күшейтіліп, қылмыстық процестегі негізгі шешімдер прокурордың келісімімен және бекітуімен қабылдануда.

Енді күдікті деп тану, оның іс-әрекетін саралау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы шемімдер прокурордың келісімімен ғана жасалады.

Прокурор айыптау актісін, бұйрықтық іс жүргізуді, теріс қылық хаттамасын және қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны бекітеді, күдіктіге бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі прокурордың келісімімен жүргізіледі.

Сонымен қатар ағымдағы жылдан бастап прокуратура органдарына аса ауыр қылмыстар бойынша айыптау актісін жасау және сотқа жолдау шешімі берілді.

Жаңа қабылданған Заңның берер нәтижесі және азаматтардың құқығын барынша қорғауға қызмет ететіндігі жан-жақты айтылып, қызу талқыланды. Бүгінгі күні аудан прокуратурасымен жаңа заңның мүлтіксіз сақталуына бағытталған барлық іс-шаралар тиісті деңгейде атқарылуда.

Райымбек ауданы прокуратурасының

прокуроры                                                                                 Н. Байбориев

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password