САПАЛЫ БІЛІМДІ САНАЛЫ ТӘРБИЕМЕН ҰШТАСТЫРАЙЫҚ! Саят ҮМБЕТАЛИЕВ, аудандық білім бөлімінің басшысы

     Құрметті ұстаздар!

  Сіздерді қазан айында аталып өтетін «Ұстаздар» күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушы- ның жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны». Иә, бұл мектеп мұғалімі-ұстазға арналған теңеулер.

Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.

«Ауылына қарап, азаматын таны» демекші Жәнібек Әлкен «Ұлағатты ұрпақ» қоғамдық қорының демеушілігімен ауданымыздың 15 оқушысын ЖОО-на ақылы оқуға түсірді. «Жартас Райымбек» қоғамдық қорының басшысы Роза Ерланқызының  демеушілігімен 200 оқушыға оқу құралдар салынған сумка берілді. «Бүркіт» компаниясының басшысы Ләззат Ботабаекова ханымның демеушілігімен ауданымыздың 1 талапкерін ЖОО ақылы оқуға түсірді.

Биылғы оқу жылында мұғалімдеріміздің алған жетістіктері де аз емес. Атап айтсақ, қазіргі қоғамдағы мұғалімнің беделін арттырып, жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, шығармашылықпен айналысатын жаңашыл сынып жетекшілерді анықтау мақсатына орай ұйымдастырылған облыстық «Үздік сынып жетекшісі» байқауынан Қайнар орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Фариза Маратқызы жүлделі 3-орынды иеленсе, ғылыми-әдістемелігі шеберлігі қалыптасқан, талантты, ой-өрісі биік, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау мақсатында өткен облыстық «Жылдың үздік мұғалімі» байқауынан С.Сауранбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қарлығаш Мухаметжанова Алғыс хатпен марапатталды.

Парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында өткен облыстық «Парасатты отбасы» байқауында Шалкөде орта мектебінен Бостановтар отбасы 3-орынды иеленді.

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан, мұғалімдік мамандығын таңдап ата-ана жолын бірге жалғастырған ұстаздар әулетінің тәлімін насихаттау мақсатында өткен облыстық «Ұстаздар әулеті» бейнебаян конкурсында «Берекелі шаңырақ» номинациясын К.Байшығанұлы атындағы орта мектебінің директоры Миятжан Сақанұлының әулеті жеңіп алды. Болашақта облыстық көлемінде өтетін жарыстарға ұстаздар қауымы белсене қатысып, жүлделі орындардың орнын толықтырады деген сенімдеміз.

Құрметті ұстаздар! Жыл сайын қоңыр күздің алғашқы жексенбісінде келетін төл мерекелеріңіз — Мұғалімдер күні құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға шадыман-шаттық, бейілді береке тілеймін! Әрбір алтын уақыттарыңызды еселі еңбекке жұмсап, шығармашылықтарыңызды шыңдай беріңіздер! Шәкірттеріңізге берген сапалы білімдеріңіз саналы тәрбиемен ұштаса берсін!

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password