Сапалы білім – жарқын болашақ кепілі

        Мемлекет басшысы  Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына қоңыр күздің алғашқы күнінде «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты кезекті жолдауын жасады. Биылғы жолдаудағы көтерілген мәселелердің мәні мен мазмұны өте маңызды деп баға беремін. Өзім кәсіби педагог болғандықтан Президенттің білім беру саласындағы атап өткен өзекті мәселелеріне тоқталып өткім келеді. Баршамызға белгілі қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді. Бұл дегеніміз шәкірт тәрбиелейтін ұлағатты ұстаздардың ерен еңбегін бағалай білу деп білемін. Сондай-ақ, мемлекет басшысы мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізу керектігін қадап айтты.  Өйткені олар шәкіртінің бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуға тиіс екендігін атап көрсетті.

        Сонымен қатар, жер-жүзін жайлаған коронавирус пандемиясы ағарту ісіне тұсау болғандығы ақиқат. Соның салдарынан оқушылар мен студенттер қашықтықтан білім алуға мәжбүр болды. Бұл әрине, үйретуден жалықпаған ұстазға ауыр тигендігі жасырын емес. Пандемияның салдары соңғы жылдары білім саласына зиянын тигізіп қана қоймай, мектеп оқушылары мен студенттердің білім сапасының төмендеуіне әкеліп соқты.

        Сондай-ақ, ел Президенті кезекті жолдауында көптің көкейінде жүрген ғылым саласы мен жоғарғы оқу орындарындағы түлектердің сапалы білім алуы мен білікті маман ретінде қалыптасуына да айрықша тоқталды.

        Өз кезегінде жоспарланған мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында өскелең ұрпақтың кемел білім алуына жағдай жасап, аяулы ұстаздардың ерен еңбегі мен төккен терінің ақталуына жол ашқандай.

Айжан Даутова,

О.Жандосов атындағы орта мектептің

оқу ісінің меңгерушісі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password