Сапалы ауыз су — денсаулық кепілі

        Су — өмірдің негізі. Судың адам ағзасы үшін пайдасы баға жеткісіз. Адам тамақсыз 20 күндей өмір сүре алады, ал сұйықтықсыз бір апта да өмір сүре алмайды. Мұның барлығы біздің ағзамыздың жұмысы сұйықтың көмегімен ғана жүзеге асатынына байланысты. 22 наурыз – бүкіл дүниежүзі су күнін атап өтеді. Бұл мереке БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен, адамзатқа су ресурстарының қоршаған орта мен қоғамның дамуында маңызды рөл атқаратынын еске салу үшін қабылданған болатын.

        Су – тіршілік көзі, өмірдің қуаты. Барлық тірі жануарлар мен өсімдіктер судан тұрады. Тіпті адамдар да судан тұрады. Жаңа туған нәрестенің денесінің 86% -ы су болса, егде жастағы адамдардікінде 50% -ға дейін су болады.Адам ағзасы 20%-дан астам су жоғалтса өлімге душар болады. Ересек адамның тәуліктік су балансы 2,2-2,8 литрді құрайды. Су ағзаға тамақпен қоса келетін пайдалы заттарды ерітеді де, оларды адам денесінің барлық жасушалары мен ұлпаларына жеткізеді. Сумен қоса біздің ағзамыз қажет минералды заттарды алады: магний, кальций, темір, йод, фтор. Судың көмегімен біздің ағзамыз зат алмасу өнімдерін шығарады, ал өз кезегінде зат алмасу мен барлық биологиялық маңызды процесстер де судың көмегімен жүзеге асады.

        Басты байлықтың бірі – таза су. Ауыз су қолданып жүрген санитариялық талаптарға сай эпидемиялық және радияциялық жағынан қауіпсіз құрамы жағынан зиянды емес және органолептикалық қасиеті жақсы болуы керек. Су өмір сыйлап қана қоймай, сондай-ақ онымен қош айтыстыра алады. Әлемдегі барлық аурулардың 85% -ы су арқылы беріледі. Ал жыл сайын осы аурулардан 25 миллион адам қайтыс болады.

        Гигиеналық көзқарас бойынша ішуге ең қолайлы су көзі — артезиан суы болып саналады. Өйткені олар жердің терең қабатынан орналасқандықтан микробтармен ластану қауіпі жоқ. Химиялық құрамы тұрақты, органолептикалық қасиеті жақсы сондықтан оны тұтынушыға өңдеусіз арқылы жібереді. Осындай орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету деңгейі ауданда 87 пайызды құрайды. Дегенмен де, орталықтандырылған жер асты су көзіне қосылған Қарасаз, Тегістік, Шалкөде ауылдарындағы су құбырларының пайдалануға берілгеніне 30-40 жылдай уақыт болғандықтан, су құбырлары ескіріп, шіріген. Осы жылы аталған су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ашық жер үсті суын пайдаланатын Талас, Сарыжаз, Шалкөде ауылдарында судың басқы көзінде малдар жайылады, әсіресе жаз айларында сумен тарайтын жұқпалы аурулардың белсенділігі жоғары. Көктем, күз айларында жанбырлы күндері халық лайланған су ішуге мәжбүр, бұл су эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті болып саналады.

       Қазіргі уақытта біздің планетамыздың 70%-ын су басып жатыр. Дегенмен, осы судың тек 1%-ын ғана ішуге болады. Есептеулер бойынша дамушы елдерде шамамен 1 млрд. адам ауыз суға толық жете алмай отыр. Жалпы адамзаттың 20%-ы таза ауыз суға тапшы болып отыр. Жер бетінің құрғақшылыққа жақын аймақтарында тұщы судың мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Соңғы 50 жыл ішінде, әлемде судың жетіспеушілігіне байланысты 507 қақтығыс болды. Ал, суға байланысты туындаған 21 дау-дамайдың арты соғыс әрекеттерімен аяқталды. Себебі, қазір әлемде судың тапшылығын қаншама адам тартып отыр. Сондықтан судың бағасын, құнын білу – әрбір адамның азаматтық борышы. «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Оның қасиетті екенін ата-бабаларымыз бұрыннан айтып келе жатыр. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз, себебі айналадағы қажетті өмірге заттардың барлығы сумен байланысты.

Ф. Ережепова,

Райымбек аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password