САЛА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

        «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы №2541 Жарлығымен елдің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің құрылған күні азаматтық қорғау жүйесінің кәсіби мерекесі – Құтқарушылар күні. Мереке күні аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов аудандық төтенше жағдайлар қызметкерлерін арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

        Бүгінгі күнде ТЖ қызметін жоғары бағалауға болады. Әр түрлі шақыртуларға шығады, бұдан басқа адамдарды түрлі төтенше жағдайлардан құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Апат айтып келмейді. Тосыннан болған апат кезінде бірінші болып көмекке Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары келеді. Ауданның құтқарушылары қауіптің алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде шешуге қабілетті.

        Мереке иелеріне аудан әкімі ақ тілегін айтып, қызметін адал атқарған бір топ құтқарушыларға кәсіби мерекесіне орай аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыстады. Осы мереке күні барлық ТЖ қызметінің ардагерлері мен қызметкерлеріне, олардың туысқандарына және жақындарына зор денсаулық, жанұяларына саулық, бейбітшілік, бұлтсыз аспан, жан-тәніне сергектік тілейміз. Отанымыздың қауіпсіздігі үшін жасап жатқан еңбектеріңіз әрқашан жоғары бағалансын! Мереке құтты болсын!

«Хантәңірі».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password