Сайлау барысын бақылаушылардың міндеттері түсіндірілді

Жұмыс жоспарына сәйкес, Алматы облысының аудан, қалаларындағы 20 үйлестіруші арнайы оқудан өтті. Сайлау барысын бақылаушылардың құқықтары мен міндеттерін сақтау тұрғысынан «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен танысуды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының экс-мүшесі Бақыт Сәрсенбайұлы жүргізді.
Сондай-ақ, 10 желтоқсанда аймақтық штаб өкілдері Алматы облысының Азаматтық Альянсының басшысы Жанар Нұрмұхановамен, кәсіподақтардың облыстық аумақтық кәсіподағының басшысы М.Төлепбергеновпен кездесу өткізді. Кездесу барысында бақылаушыларды даярлау мәселелері қарастырылып, бақылаушылардың толық ынтымақтастықта жұмыс жасайтындығына сенім білдірілді.


Естеріңізге саламыз, Қазақстанның Азаматтық Альянсынан байқаушыларының Алматы облысындағы штабы Талдықорған қаласы, Қаблиса Жырау көшесі, 127 мекен-жайында орналасқан.
0 Пікір