Сайлау: 10 мемлекеттік қызметкер әкімдікке үміткер

     Ел тарихында алғаш рет орын алған саяси бәсекенің бәсі жоғары. Бүгінгі күні үміткерлердің 243-і талапқа сай деп танылды.
154 үміткер жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Оның ішінде 35 үміткер қайта сайлану арқылы дауысқа салынады.
«32 кандидат коммерциялық құрылымдардың өкілдері, 70-і бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 10-ы уақытша жұмыс істемейді, 4-і қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, 6-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 3-і зейнеткерлер (ІІМ және әскери)»,- дейді Алматы облысы сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық.
Айта кетейік, саяси партиялармен ұсынылған үміткерлердің: 35-і (12,5%) жұмыс істеп тұрған әкімдер, 10-ы мемлекеттік қызметкерлер, 20-ы коммерциялық құрылымдардың өкілдері, 13-і бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 6-ы уақытша жұмыс істемейді, 3-і қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, 1-і зейнеткер, 5-і өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password