Сәт сапар саған жас түлек!

         

 

Міне, көптен күткен салтанатты сәт те келіп жетті. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын аттаған ұл – қыздарымыз , ойы толып, білім нәрімен сусындап, кәмелеттік аттестат алып, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.

Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып келеді. Мектеп – ол болашақтың балауса сәттерінің куәсі болған, балдәурен бала шақтан — арман толы болашаққа жетелер – білімнің алтын шамшырағы. Бүгінде сол ордадан қанат қағып, болашаққа бағыт берер құжаттарын қолдарына ұстап, ұшқан ұя, өскен ортасымен қоштасу кешінің де куәсі болдық.

Мектеп түлектерінің алдағы өмірлеріне аудан әкімі Омаров Жолан, аудандық білім бөлімінің басшысы Үмбеталиев Саят, аудандық аналар алқасының төрайымы Молдағожаева Дина, Т. Жанұзақрв атындағы мектептің директоры Стыбеков Мүтәліп, Б. Соқпақбаев атындағы мектептің директоры Төлегенова Гүлмира, ұлағатты ұстаз Ноғайбаев Құдайберген сынды кеш қонақтары тілектерін айтып, аттестат табыс етті. Үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған түлектер сахна төрінде өнерлерін паш етті. Сонымен қатар «өмір» атты үлкен белесті бетке алып, қанат қаққалы тұрған түлектер «Қоштасу вальсін» билеп ортаға шықты. Биылғы яғни 2018-2019 оқу жылында «Райымбек  ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 20 мектептің  11 сынып бітіруші түлектеріне жалпы орта білім беру туралы 213 аттестат  тапсырылды. Соның ішінде алтын белгіге үміткерлер -18 түлек бар екені белгілі.

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password